Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

15°C

, Жексенбі, 19 мамыр, 10:11

ҰБТ сынақ тестілерінің базасы жаңартылды

11.05.2023

319

0

Негізгі ҰБТ-ның алдында Ұлттық тестілеу орталығы тегін байқау сынақтарының базасын жаңартты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Тестілеуден онлайн форматта орталықтың сайтынан өтуге болады.

Байқау сынағы оқуға түсушілерге ҰБТ-ға дайындалуға көмек ретінде әзірленді. Талапкерлерге ҰТО сайтында https://prob-ent.testcenter.kz/ сілтемесі бойынша тегін онлайн тестілеуден өту мүмкіндігі беріледі. Ол үшін тестіленушілерге тек ЖСН теріп, бейіндік пәндердің комбинациясын таңдап, байқау сынағына кірісу қажет.

«Оқу жылының басынан бастап тегін онлайн тестілеу 1,5 млн рет тапсырылған. Атап өтсем, бұл жаттығу тестін біз қазан айында іске қосып, желтоқсанда сұрақтар базасын жаңартқан болатынбыз. Осы жолы балалардың маңызды емтиханға дайындығын жақсарту үшін тағы да бірнеше нұсқа қосу туралы шешім қабылдадық», – деп атап өтті Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев.

Еске сала кетейік, 14 мамырға дейін негізгі ҰБТ-ға өтініш қабылдау жүргізілуде. Тестілеудің өзі 16-мамыр мен 5-шілде аралығында өтеді. Талапкерлер ҰБТ-ны 2 рет тапсырып, ең жақсы нәтижемен грант конкурсына қатыса алады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: