Үкімет Мемлекет басшысының тапсырмаларын жүзеге асыру шеңберінде авиация саласын дамыту, сондай-ақ Қазақстан аумағында халықаралық әуе хабтарын құру бойынша жұмыс жүргізуде, деп хабарлайды Primeminister.kz.
«Біз еліміздің ең ірі 6 әуежайы аумағында арнайы экономикалық аймақ ашу туралы шешім қабылдап отырмыз», — деп атап өтті Премьер-министр Олжас Бектенов Үкімет отырысында.
Олар халықаралық аренада бәсекеге қабілетті болуға тиіс. Сондықтан инфрақұрылымды дамытуға және жүк тасымалдаушылар үшін қолайлы жағдай жасауға баса назар аударылады.
Әуе хабтарын дамыту мақсатында, Көлік министрлігінің мәліметінше, АЭА ашудан басқа да бірқатар шара қарастырылған. Бұл – кедендік оңайлатулар, жүк тасымалдаушысын құру, жанармаймен қамтамасыз ету және инфрақұрылымды жаңғырту.
Алты әуе хабын жаңғыртуға $2,1 млрд қаражат тарту жоспарланып отыр.
Премьер-министр мультимодальды тасымалдауды жақсартудың және жерүсті инфрақұрылымын жаңартудың, соның ішінде әуе хабтарын автомобиль және теміржолдарға қосудың маңыздылығына тоқталды.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!