Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

26°C

, Дүйсенбі, 22 шiлде, 01:35

«Үлгілі елді мекен» жеңімпаздарына 29 арнайы техника табысталды

26.12.2023

428

0

 Президент бастамасымен жыл сайын елімізде «Бірге: Таза Қазақстан» экологиялық акциясы өтеді. Биыл акцияға Қызылорда облысының 11 мыңнан астам тұрғыны ерікті түрде қатысып, туған жердің тазалығына үлес қосты.

Осы ретте ауыл-аймақты көркейтуге, көгалдандыруға белсенді қатысатын елді мекендерді ынталандыру да қолға алынды.

Өңірде алғаш рет аймақ басшысының қолдауымен «Үлгілі елді мекен» конкурсы өткізілді. Бұл мақсатқа облыстық бюджеттен 1 млрд теңгеге жуық қаржы бағытталды. Конкурсқа аймақ жұршылығы белсенді қатысып, жеңімпаз 12 елді мекенге күнделікті тұрмысқа ең қажетті деген заманауи үлгідегі 29 арнайы техника берілді.

Мұнан бөлек, жоба аясында «Қызылорда электр тарату тораптары» мекемесіне құны 200 млн теңге болатын 16 автокөлік және «Қызылорда тазалығы» ЖШС-на 434,5 млн теңгенің 7 аралас жол көлігі табысталды.

413914659_1918470718548431_2653206738948467206_n.jpg
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: