Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

19°C

, Дүйсенбі, 25 қыркүйек, 22:17

Үздіктер биіктен көрінген күн

13.12.2022

118

0

«Worldskills» – әлемде жұмысшы мамандықтарының мәртебесін көтеруге, білікті мамандарды даярлауға бағыттайтын бірегей жоба.

Елордадағы «Worldskills-2022» техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттері арасындағы республикалық чемпионат өз мәресіне жетті. Кәсіби шеберлік конкурсында облысымыздан 16 құзыреттілік бойынша 17 қатысушы бақ сынап, нәтижесінде алғаш рет 2 алтын, 1 күміс, 1 қола медалімен және 7 қатысушымыз медальонмен марапатталды.

Конкурс қорытындысы бойынша нәтиже төмендегідей:

1. М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжінен қатысушы Аружан Съездқызы «бастауыш білім беру» құзыреттілігінен 1-орын (Алтын медаль);

2. Жаңақорған аграрлы-техникалық колледжінен қатысушы Нұрдәулет Матен «Кірпіш қалау» құзыртілігінен 1-орын (Алтын медаль);

3. Абылай хан атындағы жоғары колледжінен қатысушы Алматбек Амангелдиев «құрғақ құрылыс және сылақ жұмыстары» құзыреттілігінен 2-орын (Күміс медаль);

Қазалы аграрлы-техникалық колледжінен қатысушы Рамазан Ақжол «Жеңіл автомобильдерді жөндеу және пайдалану» құзыреттілігінен 3-орын (Қола медаль);

Сонымен қатар, «Үздік маман» номинациясы бойынша

И.Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлы-техникалық жоғары колледжінің қатысушысы Айбол Жақсылық «Инженерлік графика cad» құзыреттілігі бойынша;

Абылай хан атындағы жоғары колледжінің қатысушысы Анастасия Пак «Шаштараз» құзыреттілігі бойынша;

Абылай хан атындағы жоғары колледжінің қатысушысы Рашит Айнаш «Сән технологиясы» құзыреттілігі бойынша;

Қазалы аграрлы-техникалық колледжінің қатысушысы Дамир Мырзағұлов «Дәнекерлеу технологиясы» құзыреттілігі бойынша;

Қазалы аграрлы техникалық колледжінің қатысушысы Аида Үйрекбай «Графикалық дизайн» құзыреттілігі бойынша;

Текей батыр Қарпықұлы атындағы жоғары колледжінің қатысушысы Диас Аманбай «Сантехника және жылыту» құзыреттілігі бойынша;

М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжінің қатысушысы Сәуле Нұрымбетова «Мектепке дейінгі білім» құзыреттілігі бойынша медальонмен марапатталды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: