Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

24°C

, Сенбі, 27 шiлде, 07:08

ҰЛАҒАТТЫ ҰСТАЗ – ЖАЛАҒАШ АУДАНЫНЫҢ «ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ»

04.10.2023

485

0

Ұстаз – ұлы есім. Ұстаз дана адам, ол барлық оқушыларға пана бола білген кісі. Ұстаздың сабырлылығына, даналығына барлық адамзат бас иетіні хақ. Жалағаш ауданының мерейін республика деңгейінде мерейін асырып жүрген, ауданның «Құрметті азаматы» атанған Айкүміс Телғарақызы Әл-Фараби атындағы №201 мектеп-лицейде мұғалім болып қызмет атқарады.
Орынбаева Айкүміс Телғарақызы 1963 жылы Жалағаш ауданы, «Қараиірім» бекетінде дүниеге келген. Қызылорда қаласындағы Мәншүк Мәметова атындағы қазақ қыздар педагогикалық училищесінің музыка бөліміне оқуға түсіп, 1983 жылы бітіріп, еңбек жолын Ақсу ауылындағы №116 орта мектеп мұғалім болып бастаған. Ардақты ұстаздың баулыған шәкірттері жоғарғы білімді өнер ордаларынан білім алып шығып, өнер саласында жүр. Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі, ақын, сазгер. 2003 жылы «Көктемді сендермен қарсы алам» атты жыр жинағы, 2013 жылы «Мәмбет Әулие» тарихи танымдық кітабы жарық көрді.

Жерлестеріміз, белгілі жалағаштық ақындар Темірше Сарыбаев, Ұзақ Еспанов, Балғабай Имашев, Мәлік Аяпов, Жақсыбай Сарбалаев, Қуат Ахетов, Ғазиза Әбілдаевалардың өлеңдеріне ән жазған. Патриоттық әндердің авторы, Бүгінде Жалағаш ауданының гимніне айналған «Жалағашым» әні республика жұртшылығына таныс.

Айкүміс Телғарақызы облыстық білім басқармасының «Құрмет Грамотасы», аудан әкімінің «Алғыс хаттарымен», аудандық мәдениет бөлімінің, облыс әкімінің, мектеп әкімшілігінің «Құттықтау хаттарымен» сонымен бірге «Жалағаш жаршысына» 70 жыл мерекелік медалімен марапатталған. «Көктемді сендермен қарсы алам» жыр жинағы жарық көрген және «Мәмбет Әулие» тарихи танымдық кітаптың авторы. Өлеңдері республикалық, облыстық, аудандық басылымдарда жарық көрді.

Сонымен қатар, ұлғатты ұстаз қоғамдық жұмысты қатар ұстап «AMANAT» партиясының белсенді мүшесі. 2023 жылы ҚР Парламенті Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарын сайлауда партияның сенімді өкілі болып, партия ұсынған кандидаттардың саяси науқанда жеңіске жетуіне өз үлесін қосты.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: