Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

9°C

, Жұма, 29 наурыз, 16:58

Ұлттық тәрбие негіздері

11.10.2022

286

0

Мағжан Жұмабаев,
«Әрбір ұлттың баласы өз ұлтының арасында өз ұлты үшін қызмет қылатын болғандықтан, тәрбиелі баланы сол ұлт тәрбиесімен тәрбие қылуға міндетті».

Әрбір халықтың, әрбір ұлттың өз мәдениеті, тұрмыс тіршілігі, салт-санасы, әдет-ғұрпы, дәстүрі, тәрбиелеу тәсілі болады. Бүгін «AMANAT» партиясы Жалағаш аудандық филиалының мәжіліс залында «Ұлттық тәрбие негіздері» тақырыбында кездесу өтті.

Келелі кездесуге партия ардагері, партияның аудандық филиалы жанындағы Партиялық бақылау комиссиясының мүшесі Дәулет Қалдыгүл және партия белсендісі, партияның аудандық филиалы жанындағы «Әлеуметтік қамту мәселелері» жөніндегі қоғамдық кеңес мүшесі Қожахметова Гаухар қатысты.

Аталған жиында ұлттық құндылықтар, салт-дәстүр, әдет-ғұрып, ұлттық намыс және тағы да басқа ұлтымызға тән ерекшеліктер туралы айтылды. Қоғамдағы және отбасындағы ұлттық құндылықтарымызды қолдану оны дәріптеу мәселесі тақыланды.

Халқымыздың тiлiн, тарихын, ұлттық дәстүрін, ата салтын ұмыта бастаған бүгiнгi ұрпақты тәрбиелеуге ат салысу жалпы ұлтымыздың мiндетi. Халқымыздың асыл қазынасын тиiмдi пайдалану, оның салт — дәстүрі мен мәдениетіне құрметпен қарауға үйретуi сөзсiз.
Жас ұрпаққа сапалы біліммен бірге саналы тәрбие беру қай кезде де өзектілігін жоғалтқан емес – деді Қалдыгүл Дәулет.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: