Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

18°C

, Сәрсенбі, 08 сәуiр, 16:07

Вакцинацияның маңыздылығы

08.04.2026

4

0

Вакцинация – медицина тарихындағы ең қуатты құралдардың бірі. Соңғы жарты ғасырда вакциналар 150 миллионнан астам адамның өмірін сақтап қалды. Бұл өздігінен болған жоқ, бұл – жақындарын қорғау үшін қабылданған миллиондаған адамдардың саналы шешімдерінің нәтижесі. Елестетіп көріңіз: 50 жыл бойы әр минут сайын 6 адамның өмірі сақталып келеді.

Бұл көрсеткіштердің артында жанқияр медициналық қызметкерлер, жауапты ата-аналар және тұтас қоғамдастықтар тұр. Бұл – қызылша, дифтерия, көкжөтел және полиомиелит сияқты ауруларсыз болашақты таңдаған бірнеше ұрпақтың шешімінің нәтижесі.

Бүгінгі күнге жұқпалы аурулардың алдын алуда денсаулық сақтау саласының басты бағыты вакцинация болып табылады. Иммундау арқылы жұқпалы аурулардан қорғану ұзақ жылдардан белгілі. Тиімді және қауіпсіз вакцинаны қолдану нәтижесінде эпидемияға, өлім жағдайына алып келетін бірқатар ауыр жұқпалы аурулардың жойылуына қол жеткізілді, жұқпалы ауруларға қарсы ұжымдық иммунитет және тұрғындардың эпидемиялық салауаттылығы қалыптасты.

Иммундау арқылы алдын алуға болатын жұқпалы аурулардың қауіпі толығымен жойылған жоқ. Өкінішке қарай, әлем бойынша жыл сайын жұқпалы ауруларға қарсы егілмеген миллионға жуық бала өлім жағдайына ұшырайды.  Иммундау тұрғындардың денсаулығы үшін маңызды.             

Бірақ көптеген ата-аналар екпелерді медициналық қызметкерлермен формальды түрде жасалады деп бағалайды, көбінесе сауықтыру сипатында қарамайды, оның салдары негізсіз екпеден бас тартуға әкеліп соқтырады. Барлық ата-аналар өз балаларының саламаттылығы мен денсаулығы үшін алаңдайды, осындай қағида вакцинопрофилактика үшін де саламатты өмір салты ретінде негізгі болып қалыптасуы тиіс. Ата-аналардың өз балаларының денсаулығына белсенді көңіл бөлуі және медициналық қызметкерлермен тығыз байланыста болуы вакцинопрофилактика үшін сенімді көз қарасты қалыптастыруға мүмкіндік береді.   

 Әр түрлі жұқпалы ауруларға қарсы вакциналарға бөлінген шығындардың эпидемиологиялық тұрғыдан тиімділігі дәлелденген, яғни сырқаттанып емделгенге қажетті шығыннан шамамен 10-нан 1000 есеге дейін төмен.

Балаңызды қазір ектіру арқылы, Сіз тек сырқаттанушылықтың пайда болуының алын алып қана қоймай, ауыр асқынулардан сақтап қаласыз, бұл өте маңызды. Сырқаттанбай тұрып, балаңызға қазір көмектесіңіз! Оның болашақ өмірін қауіпсіз етіңіз, өзіңізге дені сау ұрпақ қауанышын силаңыз!

Г.Айымбетова – басқарма басшысы

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: