Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

6°C

, Сейсенбі, 15 қазан, 16:49

Зекетті рамазан айында беру керек пе?

10.04.2023

327

0

«Зекет» араб тілінен енген сөз. Бұл сөздің тілдік мағынасы «көбею, өсу, тазару» дегенді білдіреді. Ал зекеттің шариғаттағы терминдік мағынасы: «Нисап көлеміне жететін дәулеті бар мұсылманның Алла разылығы үшін байлығының бір бөлігін шариғатқа сай, жылына бір рет Құранда көрсетілген топтағы адамдарға беруі».

Рамазан айына қатысты хадисте: «Адам баласының барлық игі істерінің сауабы артады. Әрбір жақсылыққа он еседен жеті жүз есеге дейін сауап жазылады», делінген. Демек, өзге айларға қарағанда бұл ай сауаптар еселеніп жазылатын игілікке толы ай болғандықтан, Ислам ғалымдары осы айда берген абзал деген тұжырымдама жасаған. Әрі зекетті берген уақытын ай күнтізбесіне сай оңай есептеуі үшін рамазан айы зекет бергенге өте қолайлы ай.

Десе де, зекет парызын өтеу үшін белгілі бір ай немесе күн бекіту міндетті емес. Ең бастысы, зекет парыз болу үшін нисап мөлшеріндегі байлығына бір жыл толған болуы керек. Алайда бір жыл толмаса да алдын ала беруіне рұқсат.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: