Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

12°C

, Жұма, 10 қазан, 21:04

Жалағаш ауданында «Кеусен беру» дәстүрі жаңғырды

10.10.2025

11

0

Бүгін ауданымыздың Руханият орталығының алаңында қазақ халқының бай рухани мұрасының бір көрінісі – «Кеусен беру» дәстүрі жаңғыртылып, көпшілікке кеңінен таныстырылды. Егін бітік шығып, қамба дәнге толған берекелі уақытта атқарылатын бұл рәсім — қазақ халқының жомарттығы мен дархандығын айқындайтын ерекше салттардың бірі.

Мерекелік шара барысында «Кеусен беру» дәстүрі сахналық көрініс арқылы көрерменге ұсынылып, елдің ыстық ықыласына бөленді. Аудан өнерпаздарының қатысуымен, «Ұлағатты аналар» ансамблі әсем ән мен би шырқалып, ұлттық нақыштағы концерттік бағдарлама ұйымдастырылды.

Аудан әкімдігінің ұйымдастыруымен өткен «Кеусен – ата дәстүрдің алтын арқауы» атты тағылымды шара ұлттық салт-дәстүрлердің ұмытылмай, жас ұрпақтың бойына сіңуіне, рухани құндылықтарымыздың жаңғыруына бағытталған маңызды қадам болып табылады.

Дәстүрдің мәніне сай, шара соңында ауданның әр ауылынан келген отбасыларға кеусен үлестірілді. Бұл – еңбек пен ізгіліктің, ынтымақ пен ырыстың белгісі.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: