Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

29°C

, Жұма, 19 сәуiр, 18:06

Жалағаш ауданында қызыл мия тамырын өңдеу зауыты іске қосылады

25.01.2023

840

0

Жалағаш ауданының әлеуметтік-экономикалық әлеуеті артып келеді. Өңірдің аграрлық аймағына айналған бұл ауданда биыл 3,2 млрд.теңгені құрайтын 25 инфрақұрылымдық жоба жүзеге асырылады. Сонымен қатар ауданға қарасты елдімекендерді газдандыру, электр желілерін тарту және әлеуметтік нысандардың құрылысына арналған жобалар қарастырылуда. Бұдан бөлек, 3 нысанның жоба-сметалық құжаттары әзірленіп, қазіргі таңда мемлекеттік сараптамадан өткізілуде. 

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Жалағаш ауданының әкімі Асқарбек Есжанов мәлімдеді.

«Ауданымызда былтыр серпінді жобалар жүзеге асып, толайым тірліктер атқарылды. Атап айтқанда, өнеркәсіп өнімін өндіру 166,7 пайызды құрап, 24 млрд.теңгенің өнімі өндірілді. Ал өңдеу өнеркәсібі шаруашылықтардың күріш ақтау есебінен 100,1 пайызға артты. Жалпы негізгі капиталға тартылған инвестиция көлемі 115,0 пайызды құрап отыр. Нәтижесінде, ауданға 11 млрд.839 млн.теңге көлемінде инвестиция тартылды. Аудандағы шағын және орта кәсіпкерлікті саласында да оң серпін бар. Былтырғы жылдың қорытындысымен кәсіпкерлік субъектілерінің саны – 3084 бірлікті құрап, 20,7 пайызға өсті. Осыған сәйкес, нақты жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлік нысаны – 557 бірлікке артты. Одан бөлек, кәсіпкерлік саласын қолдауға арналған 446 жоба қаржыландырылып, 500-ге жуық азамат жұмыспен қамтылды. Сондай-ақ, биыл ақпан айында қызыл мия тамырын өңдеу зауыты іске қосылады. Бүгінде Қытай елінен қажетті газ қондырғысының жабдықтары әкелініп, нысанның жылу жүйесі табиғи газ отынына көшірілді. Қазіргі таңда бұл зауытта 15 адам тұрақты жұмыс істеп жатыр. Зауыт толық іске қосылса 60 адам тұрақты жұмысқа кіріседі», – деді аудан әкімі Асқарбек Есжанов.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: