Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

8°C

, Жексенбі, 13 қазан, 15:45

Жалағаш ауданында жанар-майдың бағасы тұрақты

18.04.2023

307

0

Бүгін «AMANAT» партиясы Жалағаш аудандық филиалының Партиялық бақылау комиссиясы аудандағы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдеріне, дәрі-дәрмектердің жекелеген түрлері мен жанар-жағармайдың бағаларына мониторинг жұмыстарын жүргізді.


Аудандағы жанар-май құю бекеттерінде АИ-92 маркалы бинзин баға тұрақтылығын сақтап еркін айналымда сатылымда. Дизель отыны жалпы талонмен сатылса, ал ауданға қарасты қоғамдық көліктерге еркін айналымда берілуде.


Мониторинг жұмыстары барысында Қазақстан Республикасының «Сауда қызметін реттеу туралы» Заңына сәйкес заң аясында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.


Аталған мониторинг жұмыстарына Партиялық бақылау комиссиясының мүшелері Қалдыгүл Дәулет, Прманов Уалихан, аудандық партия филиалының консультанты Асхат Ахметжамиев және аудандық ауылшаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің арнайы маманы қатысты.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: