Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

27°C

, Сенбі, 17 мамыр, 03:41

Жалағаш ауданының прокуроры тағайындалды

24.04.2025

435

0

Қазақстан Республикасы Бас прокурорының бұйрығымен Жалағаш ауданының прокуроры лауазымына Бектұрсынов Талғат Елеубайұлы тағайындалды. Ауданның жаңа прокурорын аудан әкімі Ардақ Ибраимов пен облыс прокурорының орынбасары Мәди Сәрпеков таныстырды.

Аудан әкімі Ардақ Ибраимов жаңа қызметке кіріскен Талғат Бектұрсыновтың қызметіне сәттілік тіледі. Сондай-ақ осыған дейін аудан прокуроры лауазымын абыроймен атқарып келген Шыңғыс Есжановқа алғыс айтып, ауданның «Құрмет» грамотасын табыстады.

– Жалағаш ауданының прокуроры лауазымын атқарып келген Есжанов Шыңғыс Мәдиұлы ротация тәртібімен басқа лауазымға ауысуда. Шыңғыс Мәдиұлы, аудан аумағында заңнамалық нормалардың орындалуын қадағалап, азаматтардың құқықтарын сақтаумен қатар заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайту бағытында аянбай еңбек етті. Алдағы жаңа қызметіңізге сәттілік тілеймін. Жалағаш ауданының прокуроры лауазымына тағайындалған Бектұрсынов Талғат Елеубайұлы прокуратура органдарында 20 жылдан астам қызмет атқарып келеді. Мемлекет басшысының «Әділетті Қазақстан» тұжырымдамасында айқындалған «Заң және Тәртіп» бағдарын нығайту бағытындағы маңызды міндеттерді орындай отырып, заңдылық пен құқықтық тәртіпті сақтау бағытында бірлесе жұмыс жасаймыз деп сенім білдіремін. Жаңа қызметіңізге сәттілік тілеймін, – деді аудан әкімі Ардақ Ибраимов.

Жиында облыс прокурорының орынбасары Мәди Сәрпеков қызметке тағайындау жөніндегі бұйрықпен және аудан прокурорының өмірбаянымен таныстырды.

Бектұрсынов Талғат Елеубайұлы 2000 жылы прокуратура органдарындағы қызметін Арал ауданы прокурорының көмекшісі лауазымынан бастаған. Әр жылдары Қазалы ауданы прокурорының аға көмекшісі, облыстық прокуратураның бөлім прокуроры, облыс прокурорының көмекшісі, Бас прокуратураның 7-ші департаментінің аға прокуроры, Астана қаласы прокуратурасының басқарма бастығы, Ақмола облысы прокуратурасының басқарма бастығы, Қызылорда облысы прокурорының аға көмекшісі, Байқоңыр қаласының прокуроры лауазымында абыройлы қызметтер атқарған.

«ЖЖ» ақпарат

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: