Аудан әкімі Ардақ Ибраимов Дәуімбай елді мекеніндегі А.Байсопақов пен С.Сейфуллин көшелерінде жүргізіліп жатқан жол жөндеу жұмыстарымен танысып, құрылыс сапасына ерекше мән беруді және жұмысты белгіленген талаптарға сай орындауды қатаң тапсырды.
Биыл кент бойынша 11 көшеге жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Жобаның жалпы құны – 678,7 млн теңге.
Қазіргі уақытта А.Байсопақов және С.Сейфуллин көшелерінде асфальт төсеу жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Сондай-ақ, М.Мәметова, Ә.Молдағұлова көшелеріне де асфальт жаю жұмыстары басталды.
Аудан әкімі жол құрылысының сапасын жеке бақылауында ұстайтынын айтып, жауапты мердігерлерге нақты тапсырмалар берді.
Сонымен бірге, жөнделген көшелердің ұзақ мерзімді пайдаланылуын қамтамасыз ету үшін, оларды күтіп-ұстау бағытында кент әкіміне бірқатар міндеттер жүктелді.
@Жалағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!