Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

-3°C

, Сәрсенбі, 13 қараша, 09:57

Жалағашта кене шағудың алдын алу мақсатында түсіндірме жұмыстары жүргізілді

07.09.2022

293

0

Жалағаш ауданы бойынша Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының алдын алу мақсатында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Бүгін Жалағаш кентінде Қызылорда облысы әкімі аппаратының «Жұмылдыру және шұғыл жұмыстар орталығы» КММ-нің басшысы Ерлан Бейсенбаевтың төрағалығымен Жалағаш ауданы бойынша Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының алдын алу мақсатында күзгі эпидмаусымында кенеге қарсы дәрілеу-залалсыздандыру жұмыстарының барысы туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Мәжіліске аудан әкімінің орынбасары Алтынбек Дәрібаев, бөлім, мекеме басшылары, кент және ауылдық округ әкімдері қатысты.

Жалпы Жалағаш ауданы бойынша Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы ауруымен ауданның 12 ауылдық округі қолайсыз елді мекендер қатарына енгізіліп отыр.

Аталған елді мекендердің мал бастарының тізімі нақтыланып күзгі залалсыздандыруға барлығы: МІҚ – 30385, Түйе – 575, Уақ мал – 40624, Шошқа – 332, Қора – 4833 (257765 ш/м), Суат, Шаңлақ – 177 (85790 ш/м) залалсыздандыру жұмыстары жүргізіледі.

Кенеге қарсы залалсыздандыру жұмыстарын орындаушы мердігер мекеме «Сәтті Түлік» ЖШС-сі арқылы 7-техника, 9-адам тартылып Конго-Қырым қанды безгегі ауруына қарсы залалсыздандыру жұмыстарын бүгіннен бастап 28 қыркүйекке дейін екі кезең бойынша «Креолин-Х» 5% препаратымен нұсқаулыққа сәйкес екі реттен жүргізілетіндігін хабарлайды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: