Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

22°C

, Сенбі, 27 шiлде, 06:52

Жалағаштық депутаттар қоғамдағы кезек күттірмейтін мәселелерді көтерді

01.07.2023

282

0

Баршаңызға белгілі Астана қаласында «AMANAT» партиясынан сайланған мәслихат депутаттарының алғашқы республикалық форумы өтті. Аталған форумға аудан бойынша «AMANAT» партиясының 10 депутаты қатысып келді. Форум барысында Жалағаштық депутаттар үкімет мүшелеріне қоғамдағы мәселелерді көтере білді. Әрине, бұл мәслихат депутаттары үшін үлкен мүмкіндік алаңы болды. Себебі үкімет мүшелеріне тікелей ұсыныстарын айтып, жазбаша түрде ұсыныстарын қалдырды. Бұл ұсыныстарға үкімет тарапынан жауап болатынын анық.

Панельдік сессия барасында Жалағаш ауданынан барған делегаттар қауымы ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Динара Щегловаға Батыс Еуропа – Батыс Қытай — халықаралық транзиттік автожолының Қызылорда қаласы және Арал аралығында мал өткелдері мен жарық шамдардың жоқтығын, ҚР Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралқа мәдениет саласы бойынша елді мекендердегі мәдениет үйлері мен ауылдық клубтардың штат бірліктеріне үйірме жетекшілерін қосу, жалпы №1193 қаулыға штат бірліктерімен толықтырулар енгізу және құлау қаупінде тұрған клубтардың орнына жаңа ғимараттар салуға, ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусинге елдімекендердегі интернет жылдамдығының төмендігі, ҚР Оқу ағарту министрі Ғани Бейсембаевқа білім сапасын жақсарту бойынша бірқатар ұсыныстарын білдірді.

«AMANAT» партиясының Төрағасы Ерлан Жақанұлы қазіргі күні тұрғындар мәселе туындаған жағдайда әкімді емес, сол елдімекеннен сайланған депутатты іздейтінін айтты. Осы тұрғыда, депутаттардың бел шешіп жұмысқа кірісетін шағы келгенін жеткізді. Халыққа берген уәделердің 100 пайыз сапалы және уақытылы орындалу керектігін жеткізді.

МҰСТАФАЕВА Қаншагүл,
«AMANAT» партиясы Жалағаш аудандық филиалының Атқарушы хатшысы, «AMANAT» партиясынан барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының бірінші республикалық форум делегаты.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: