Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

28°C

, Жексенбі, 14 шiлде, 15:09

Жалағаштықтар Еңбек және тыл ардагері Мыхан Ерниязұлының 130 жылдығын атап өтті

15.10.2023

258

0

Бұқарбай батыр ауылында ұлан-асыр той. Сыр өңіріне белгілі қайраткер, еңбек және тыл ардагері Мыхан Ерниязұлының 130 жылдығына орай мерейтой өтті.

Мерейтой қарсаңында Бұқарбай батыр ауылының орталығынан М.Ерниязұлы атындағы саябақ ашылып, қайраткердің бюсті қойылды. Сонымен қатар, қайраткердің 130 жылдығына арналған ғылыми-танымдық конференциясы өткізіліп, «Сәулелі ғұмыр» атты кітаптың тұсауы кесілді.

Ата жолын жалғаған ұлағатты ұрпақтың елге сыйы атшабардағы спорттық шаралармен жалғасын тапты. Алдымен қазақ күресінен палуандар сынға түсіп, ұйымдастырушылар тарапынан бас жүлдеге 3 млн, екінші орынға жайғасқан палуанға 1 жарым млн, ал үздік үштікті түйіндеген палуанға 500 мың теңге табысталды.

Қайраткерді еске алуға арналған мерейтой республикалық ат жарыспен қорытындыланды. «Құнан бәйге», «Топ бәйге», «Аламан бәйгелер» ұйымдастырылып, жүлдеге қаржылай сыйлықтар мен автокөліктер тігілді. Атшабарда ат майдан салған жүйріктердің барлығы дерлік бұған дейін де талай жүлдені еншілеп жүрген бәйге аттары. Бүгінгі ат жарыста осындай республикаға танымал жүйріктер бәйгеге қосылып, ұлан-асыр тойдың көркін қыздырды. 15, 20, 30 шақырымға дейін шауып келген бәйге аттары төрешілердің әділ төрелігімен жүлделерін еншіледі. Ұйымдастырушылар тарапынан бәйгенің түрлеріне қарай 300 мыңнан бастап 2 млн-ға дейін қаржылай сый-сияпат үлестірілді.

Мыхан Ерниязұлының 130 жылдығына арналған мерейтойдың екінші күні ұлттық спортымыз көкпар ойыны және облыстық бәйгемен қорытындыланaды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: