«AMANAT» партиясының жұмысы жылдан жылға дамып, қоғам тынысындағы күрмеуі қиын мәселелердің оң шешімін табуына өз ықпалын тигізіп келуде.
Партияның жаңа Саяси тұғырнамасы үстіміздегі жылдың наурыз айында басталған партия жұмысын ауқымды жаңғыртудың бір бөлігі.
«AMANAT» партиясының төрағасы Е.Ж.Қошанов партияның кезектен тыс ХХІV Съезін 2022 жылдың 6 қазан күні өткізу туралы шешімін жарияланды. Осы орайда, аудандық филиалға қарасты бастауыш партия ұйымдарынан сайланған делегеттардың қатысуымен «AMANAT» партиясы Жалағаш аудандық филиалының кезектен тыс ХХХІІІ конференциясы болып өтті.
Аталған конференция жұмысына «AMANAT» партиясы Жалағаш аудандық филиалының Атқаруы хатшысы Қаншагүл Мұстафаева төрағалық жасап, күн тәртібінде екі мәселе қаралды. «AMANAT» партиясының Саяси тұғырнамасының жобасын талқылау және «AMANAT» партиясы Қызылорда облыстық филиалының кезектен тыс ХХІХ конференциясына делегаттар сайлау туралы.
Күн тәртібіндегі жаңа Саяси тұғырнаманы жан-жақты талқылау мәселесі қаралды. «AMANAT» партиясы атынан сайланған Жалағаш аудандық мәслихат хатшысы Гүлзат Құрманбаева хабарлама жасап, партияның жаңа құжатының негізгі тұстарына тоқталып өтті.
Еліміздегі барлық жаңару мен жаңғырудың ұйытқысы болып жүрген, билік пен қоғам арасындағы алтын көпірге айналған «AMANAT» партиясы. Партияның жаңа Саяси тұғырнамасында бірінші кезекте баянды болашақтың бағыты мен бағдары қамтылған. «Мемлекет және біз», «Азаматтық қоғам – дамудың кепілі», «Адам – қоғам – мемлекет» бұл жаңа Саяси Тұғырнаманың негізгі бөліктері. Сондықтан барша партияластарымды ел игілігі жолында қабылданғалы жатқан партияның жаңа құжатын жүзеге асыруға өз үлестерін қосуға шақырамын – деді Қаншагүл Мұстафаева.
Аталған конференция жұмысына қатысушы делегаттардың дауыс беруімен «AMANAT» партиясы Қызылорда облыстық филиалының кезектен тыс ХХІХ конференциясына делегаттар сайланды.
Еліміздің қауіпсіздігін күшейту, тұрғындардың сапалы өмір сүру деңгейін арттыру, қазақ тілінің мемлекеттік мәртебесін түпкілікті орнықтыру – бұл біздің басты міндеттеріміздің бірі.
Тірегіміз – Тәуелсіздік, тілегіміз – Әділет, бағдарымыз – Бірлік!
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!