Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

-8°C

, Сейсенбі, 10 желтоқсан, 01:53

Жаңа заңнаманы іске асыру мәселелері қаралды

28.11.2024

353

0

Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев «Мемлекеттік сатып алу туралы» жаңа заңнаманы іске асыруға қатысты арнайы жиын өткізіп, жауапты сала басшыларына, аудан әкімдеріне бірқатар тапсырма берді.

«Парламент Мәжілісінің депутаттарына құрылысы тоқтап, қазіргі таңда жүрмей тұрған нысандар бойынша мердігерлердің жауапкершілігін арттыру жөнінде айтқан ұсыныстарымыз жаңа заңда қолдау тапты.

Атап айтқанда, шарттық міндеттемелерді кешіктіргені және орындамағаны үшін сот шешімі шықса, сол мердігерлер 2025 жылдан бастап мемлекеттік сатып алуға қатыса алмайды. Сонымен қатар, алдағы жылдан бастап бюджет қаржысы есебінен салынатын құрылыстарға барынша жергілікті тұрғындарды жұмысқа орналастыруымыз керек. Бұл ретте, құрылысқа қосалқы мердігер тартуға тыйым саламын. Сондай-ақ, сапаға баса назар аудару керегін тағы да ескертемін.

Мемлекеттік сатып алу кезінде сыбайлас жемқорлыққа, мүдделер қақтығысына жол бермеу бағытындағы шараларды күшейтіңіздер. Әсіресе, бір көзден сатып алуға тұрақты мониторинг жүргізіңіздер. Конкурстарды ұйымдастыру барысында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу және болдырмау үшін профилактикалық шаралар қабылдаңыздар», – деді Нұрлыбек Машбекұлы.

ЖАҢА ЗАҢНАМАНЫ ІСКЕ АСЫРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ҚАРАЛДЫ 1.jpg
ЖАҢА ЗАҢНАМАНЫ ІСКЕ АСЫРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ҚАРАЛДЫ 2.jpg
ЖАҢА ЗАҢНАМАНЫ ІСКЕ АСЫРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ҚАРАЛДЫ 3.jpg
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: