Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

22°C

, Сенбі, 27 шiлде, 06:24

Жаңа жылдан бастап электр қуаты қымбаттайды

11.12.2023

248

0

Келесі жылдың 1 қаңтарынан бастап электр энергиясының құны қымбаттайды. Энергетика министрлігі көмір мен газдың шекті тарифтерінің қымбаттауын түсіндірді, деп хабарлайды Egemen.kz

Бағаның өсуі Степногорск қаласының тұрғындарына айтарлықтай сезіледі. Бұл жерде жергілікті жылу электр орталығының тарифі 6 теңгеге көтеріледі. Алматыда да бағаның өсуі айтарлықтай байқалады – 4 теңгеге қымбаттайды. Қазақстанда орташа есеппен электр қуатының тарифі бір киловатт-сағат үшін 2 теңгеге өседі.

Тиісті басқарманың статистикалық мәліметтеріне сүйенсек, электр энергиясын өндіру кезінде шығындардың жартысынан көбі отын мен оны тасымалдауға кететін шығындар екен.

Бағаның өсуі энергия өндіруші компаниялардың жұмысшыларының жалақысын индексациялауды да қамтуы керек, оны инфляцияға пропорционалды түрде арттыру қажет.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: