Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

-7°C

, Жұма, 26 желтоқсан, 18:17

Жаңақорған ауданында екі жаңа спорт кешені пайдалануға берілді

26.12.2025

7

0

Жаңақорған ауданы Кейден ауылы үшін тарихи әрі қуанышты күн. Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында Кейден ауылында жастардың спортпен шұғылдануына мүмкіндік беретін, заманауи талаптарға сай салынған жаңа күрес залы халық игілігіне пайдалануға берілді. 

«Қазатомөнеркәсіп» Ұлттық атом компаниясы» акционерлік қоғамының еншілес «СКЗ-U» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің игі бастамасымен бой көтерген жаңа күрес залының ашылу салтанатына облыс әкімінің орынбасары Ардақ Зебешов, аудан әкімі Мажит Самитов, «Қазатомөнеркәсіп» Ұлттық атом компаниясы» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Мейржан Юсупов, зиялы қауым өкілдері, ауданның спортшылары және ауыл тұрғындары қатысты. 

Жаңа спорттық нысанның ашылу рәсімінде облыс әкімінің орынбасары Ардақ Темірханұлы «Қазатомөнеркәсіп» Ұлттық атом компаниясы» акционерлік қоғамының еншілес «СКЗ-U» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне алғысын білдіріп, ғимараттың ашылуымен ауыл тұрғындарын құттықтады. Сондай ақ, ауданымыздың әлеуметтік – экономикалық дамуына үлес қосқан азаматтар мен күрес залының құрылысын сапалы жүргізген мердігер мекеме өкілдерін облыс әкімінің алғыс хаттарымен марапаттады. 

Одан соң «Қазатомөнеркәсіп» Ұлттық атом компаниясы» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Мейржан Бақытұлы сөз сөйлеп, ауыл тұрғындарын жаңа нысанмен құттықтап, жаңа жыл қарсаңында заманауи спорт залды халық игілігіне пайдалануға беруге арнайы келгендігін айтты.

Жаңақорған аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Өмірсерік Тақырбасов аудан ардагерлері және ауыл тұрғындары атынан «Қазатомөнеркәсіп» Ұлттық атом компаниясы» акционерлік қоғамына ауыл жастарының спортпен шұғылдануына қолдау көрсеткені үшін алғыс айтып, батасын берді. 

Осыдан соң келген қонақтар жаңа күрес залы ғимаратының лентасын қиып, нысанның ішкі жұмысымен танысты. Аталған ғимаратта күрес және жаттығу залы бар. Одан бөлек, дәрігерлер мен жаттықтырушылар  бөлмелері бар. Шара қонақтары жас спортшыларға сәттілік тілеп, жаңа жылдық сый сияпат тапсырды.

Бұдан бөлек, келген қонақтар «СКЗ-U» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің күкірт қышқылы заутына барып, онда зауыт қызметкерлеріне арналған спорт залды салтанатты түрде ашты. 

Ашылу салтанатында «Қазатомөнеркәсіп» Ұлттық Атом компаниясының акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Мейржан Бақытұлы Юсупов барша кәсіпорын қызметкерлерін келе жатқан жаңа жыл мерекесімен құттықтап, кәсіпорын ұжымына сәттілік тіледі. 

Сондай ақ, 2025 жыл – «Жұмысшы мамандықтар» жылының қорытындысына арналған «Үздік маман – 2025» номинациясымен бірқатар қызметкерлер марапатталды. 

Ел алдындағы әлеуметтік жауапкершіліктің нақты үлгісін көрсеткен «Қазатомөнеркәсіп» Ұлттық Атом компаниясы акционерлік қоғамының еңшілес «СКЗ – U» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне зор алғыс айтамыз.

Кейден ауылы күрес залы.jpg
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: