Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

6°C

, Жексенбі, 24 қараша, 12:47

Жаңақорғанда 200 млн теңгені жымқырған мектеп бухгалтерлеріне үкім шықты

06.09.2024

427

0

Жаңақорған аудандық білім бөлімінде бюджет қаражатын жымқыру ісі бойынша үкім шықты. 

Қызылорда облысы Жаңақорған аудандық соты 200 млн теңгеден астам бюджет қаражатын жымқырған 9 адамға үкім шығарды. Сотқа дейінгі тергеуді облыстық прокуратура жүргізді.

Сот отырысы барысында мемлекеттік айыптаушы білім беру жүйесінде жұмыс істемейтін тұлғалардың есепшотына заңсыз ақша аударылғанын дәлелдеді.

Қылмыстық іс бойынша негізгі айыпталушылар бас бостандығынан айырылса, қалған 7 сыбайлас бухгалтерлік қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, шартты мерзімге сотталды. Келген шығын ішінара өтелді. Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Айта кету керек, бұған дейін прокурорлар сол аудандағы мектептердің есепшілері мектепте жұмыс істемейтін тұлғалардың есепшотына заңсыз ақша аударып, жымқырғанын анықтаған болатын.

Бұл қылмыстық істер бойынша айыптау үкімі шықты. 

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: