Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

2°C

, Сәрсенбі, 16 қазан, 03:45

Жаңашыл жас ұстаз

12.09.2023

1205

0

Кез келген халықтың ғасырлар бойы қордаланған мәдениетінің асқар шыңы сол халықтың тілі екені баршамызға мәлім. Ана тіліміз – біздің ең басты байлығымыз. Қазақ ұлтының ана тілі және Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – қазақ тілі. Ол – ұрпақтан-ұрпаққа, атадан балаға жеткен ұлы мәдени мұра. Қай саланы алып қарасаңыз да, тіл – қарым-қатынас құралы, өткен мен бүгінді жалғастырушы. Қазақ тілі бабалар аманатының арқасында бүгінгі күнге жетті. Ол әрбір адамға ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады. Тіл қай елде, ұлтта болсын қастерлі, қасиетті әрі құдыретті.

Мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту әлі де өзінің өзектілігін жойған жоқ. Осы орайда Абай күні қарсаңында облыстық қоғамдық даму басқармасының ұйымдастыруымен мемлекеттік тілді жетік меңгерген этнос өкілдері арасында «Мемлекеттік тіл – Тәуелсіздік символы» атты облыстық байқау өткізілді. Байқаудың мақсаты – мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту, қазақ тілінің этносаралық қарым-қатынас тіл ретіндегі рөлін күшейту, мемлекеттік тілді меңгерген қоғамдық белсенді азаматтарды ынталандыру.
Қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейту мақсатында ұйымдастырылған бұл байқауға Қызылорда қаласы мен аудандарда түрлі салада қызмет атқарып жүрген этнос өкілдері қатысты. Қатысушыларға басқарма басшысы А.Есмаханов сәттілік тілеп, оларға Абай күні мерекесі қарсаңында «Абайдың қара сөздері» жинағын тарту етті. Қатысушылар өз өнерін көрсетуден, мақал-мәтелдер айтудан, берілген тақырыпта ой толғаудан, сондай-ақ қойылған сұрақтарға жауап беру бойынша сынға түсті.
Байқауға қатысушылардың өнерін Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің қазақ тілі мен әдебиеті және журналистика кафедрасының қауымдастырылған профессоры, филология ғылымдарының кандидаты, доцент Аман Абасилов басқарған қазылар алқасы бағалады. Аталған байқауға ауданның сенімін арқалап, аудандық кітапхананың тұрақты оқырманы, Темірбек Жүргенов атындағы №123 мектеп-лицейінің орыс тілі пәні мұғалімі Рузанна Шамилова қатысып, жүлделі ІІ орынды иеленді.
Рузанна 2001 жылы дүниеге келіп, №31 мектептің түлегі атанған. Ол 2022 жылы Ахмат Абдулхамидұлы Қадыров атындағы шешен мемлекеттік университетінде филология факультеті бойынша білім алған.
Байқау қорытындысымен жүлделі І орынға ие болған облыстық ассамблея жанындағы «Мәміле» клубының жетекшісі Е.Пак Петропавл қаласында өтетін байқаудың республикалық кезеңіне қатысып, облыс намысын қорғады.
Сайыс соңында қатысушылар мемлекеттік тілдің беделі мен мәртебесі және қазақ халқының мәдени-рухани мұрасы мен тарихы жайында орамды ойларын ортаға салып, пікір алмасты.

Ақтоты БҮРКІТБАЙ

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: