Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

13°C

, Жұма, 20 қыркүйек, 02:22

Жарты миллионнан астам азамат кредиттен өз еркімен бас тартты

19.09.2024

134

0

Заңнаманың талаптарына сәйкес қазақстандықтар банктік қарыздар мен микрокредиттер алудан ерікті түрде бас тартуды орната алады не оны «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы алу жиілігі мен мерзімдері бойынша шектеусіз, яғни шексіз уақытқа алып тастай алады.

Қарыз алудан ерікті түрде бас тартуды қалай орнатуға болады және қызметтің бұл түрі азаматтарға қандай артықшылықтар беретіні жөнінде  Fingramota.kz.еске салады. 

Қарыз беруге өздігінен тыйым салу («Стоп кредит» немесе «Банктік қарыздар, микрокредиттер алудан өз еркімен бас тарту») – бұл адамның банктер мен микроқаржы ұйымдарынан (МҚҰ) жаңа кредиттер алудан ерікті түрде бас тартуы. Мұндай бас тартуды тек қарыз алушының өзі eGov.kz. порталында және E-GOV mobile мобильдік қосымшасында орната алады. Сондай-ақ, пайдаланушы кез-келген уақытта кредиттер мен қарыздар алуға қойылған шектеулерді алып тастай алады.

«Бірінші кредиттік бюро» АҚ деректеріне сәйкес бүгінгі күні 596 808 азамат кредиттер мен микроқарыздар ресімдеу бойынша тыйым салу орнатуға өз бетінше өтінім берді.

«Стоп кредит» қызметінің артықшылықтары 

Бұл опция қолданылған кезде қарыз алушының кредиттік тарихында оның кредит алудан уақытша бас тартуға шешім қабылдағаны жөнінде белгі пайда болады. Кредиттік ұйым кредиттік бюролардан деректерді сұрата отырып, мұндай шектеу белгісін көреді және автоматты түрде клиентке қарыз бермеу туралы шешім қабылдайды.

Сондай-ақ, 2024 жылғы 1 қыркүйектен бастап қарыз алушының кредиттік тарихында кредиттерден ерікті түрде бас тарту туралы ақпарат болған жағдайда, банктер мен МҚҰ-ның кредит бойынша берешекті есептен шығару міндеті бойынша заңнамалық түзетулер қолданысқа енгізілді. Яғни, егер азамат кредит алудан ерікті түрде бас тарту қызметін пайдаланатын болса, бірақ осы кезеңде оған кредит заңсыз ресімделген болса, онда кредитор банк немесе МҚҰ кредит және микрокредит бойынша берешекті есептен шығаруға міндетті болады.

Назар аударыңыз! Кредиттен ерікті түрде бас тарту орнатылған жағдайда оның кредиттік тарихта болуын мезгіл-мезгіл тексеріп отыру ұсынылады. Егер осы сервисті орнату кезеңінде Сіздің атыңызға кредит ресімделсе, онда банк немесе МҚҰ оны есептен шығаруға міндетті.

«Стоп кредит» қызметін қалай пайдалануға болады 

«Банктік қарыздар, микрокредиттер алудан ерікті түрде бас тарту» кредиттік алаяқтардан қорғау болып табылады және е-GOV mobile қосымшасында және egov.kz сайтында қолжетімді.  

Қызметті смартфон арқылы пайдалану үшін мыналарды орындау қажет:

– eGov.kz порталына кіру және «Кеден және салықтар» бөліміне өту;

– тізімнен «Экономика және қаржы» бөлімін таңдау, «Банктік қарыздар, микрокредиттер алудан ерікті түрде бас тарту» қызметін таңдау;

– қажетті жолдарды толтырып, ЭЦҚ-ның көмегімен өтінімге қол қою;

– қызмет нәтижесімен Жеке кабинетте танысуға болады.

Сондай-ақ, бұл қызметті компьютер арқылы қосуға болады:

логин мен парольді пайдалана отырып ЭЦҚ-ның көмегімен egov.kz сайтына кіріңіз;
сайттың басты бетінде «Сервистер» – «Банктік қарыздарды, микрокредиттерді алудан мерзіммен ерікті түрде бас тарту» – «Қызметке онлайн тапсырыс беру» бөлімін таңдаңыз;
барлық міндетті жолдарды толтырыңыз және ЭЦҚ арқылы өтінімге қол қойыңыз.
Бұрын белгіленген шектеулерді алып тастау үшін пайдаланушыға мыналарды орындау қажет:

– «Банктік қарыздар, микрокредиттер алудан ерікті түрде бас тарту» қызметін таңдау;

 – «Жазылудан бас тартқыңыз келе ме?» деген сұраққа «Иә» деп жауап беріңіз және қол қоюдың қолжетімді әдістерінің бірімен өтінімге қол қойыңыз.

Цифрлық қауіпсіздіктің негізгі ережелерін сақтаңыз!

Кредит алаяқтары әлеуметтік инженерия мен ІТ-технологияның заманауи тәсілдерін пайдалана отырып, үнемі банктер, микроқаржы ұйымдары клиенттерінің дербес деректеріне қол жеткізуге тырысады. Сондықтан әрқашан цифрлық гигиенаны, оның ішінде ЭЦҚ пайдаланған кезде негізгі қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз:

ЭЦҚ-ны үшінші тұлғаларға бермеңіз. Ешбір жағдайда бөтен адамдарға рұқсат беруге болмайды, өйткені ЭЦҚ-ның көмегімен олар құжаттарға қол қоя алады. Қойылған қолдың сіздікі емес екенін дәлелдеу мүмкін болмайды.
ЭЦҚ-ны мессенджерлер арқылы, әсіресе топтық чаттарда жібермеңіз, өйткені оны топтың кез келген қатысушысы жүктеп, пайдалана алады. ЭЦҚ-мен байланысты барлық рәсімдерді өзіңіз жүргізуге тырысыңыз.
Компьютерді вирустардан қорғаңыз. Егер сіз ЭЦҚ-ны компьютерде сақтайтын болсаңыз, онда лицензиясы бар, вирусқа қарсы сапалы  бағдарлама орнату арқылы оны қорғауға көңіл бөліңіз және оны тұрақты түрде жаңартып отырыңыз. Сондай-ақ белгісіз мекенжайлардан келген электрондық хаттарды ашпаңыз және күдікті сілтемелерге кірмеңіз. Олар шпиондық бағдарламалар болуы мүмкін, олардың пайдаланушылары сіздің компьютеріңіздегі барлық деректерге қашықтан қол жеткізе алады.
ЭЦҚ салынған файлдың атауы ретінде құпиясөзді пайдаланбаңыз. Кейбір азаматтар ЭЦҚ-ның құпиясөзін ұмытып қалмау үшін қолтаңба салынған  папканы немесе файлдың өзін құпия комбинациямен атауы мүмкін. Олай істеген жағдайда сіз алақтардың жұмысын жеңілдетіп, олар ЭЦҚ-ға оңай қол жеткізе алады.
ЭЦҚ-ны бөгде адамдар арқылы ресімдемеңіз. ЭЦҚ-ны алу үшін ХҚКО-ға жүгініңіз немесе eGov mobile-ды қолданыңыз, егер сұрақтар болса, 1414 колл-орталығына қоңырау соғыңыз. Қолтаңбаны тез әрі еш қиындықсыз ресімдеу туралы ешкімнің уәдесіне сенбеңіз, өйткені алаяқтар «дәлел үшін» ЖСН-ды, банк картасының деректемелерін, тіпті пин-кодты да сұратудан тайынбайды.   
Смартфоныңызға тексеруден өтпеген қосымшаларды жазудан бойыңызды аулақ ұстаңыз. Сіздің ЭЦҚ-ңыз eGov mobile-да сақтаулы болса, алаяқтар телефоныңызға қол жеткізген жағдайда сізді онда орнатылған пин-код та қорғай алмайды. Бұл үшін шпиондық бағдарламаны жүктеп алу жеткілікті. Өз смартфоныңызға барынша аз қосымша орнатып отыруға тырысыңыз – ең сенімдісі осы. Тіпті жеткізу қосымшалары да экранға жазып алумен «ұсталған» жағдайлар болды. 
Егер компанияның ЭЦҚ-сына қолжетімділігі бар қызметкер жұмыстан шыққан жағдайда, қол қою сертификаттарын уақтылы қайтарып алыңыз. Бұл тармақ бизнес иелеріне қатысты – экс-қызметкер компанияның шотынан ақша шешіп алуы, тіпті оны жабуы мүмкін. 
Егер сіз компьютерде немесе флешкада сақтайтын ЭЦҚ-ны жоғалтып алған болсаңыз, оны дереу қайта шығарыңыз.  

Фото: fingramota.kz

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: