Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

24°C

, Сенбі, 27 шiлде, 07:17

Жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын-алу мақсатында мониторинг жұмыстары жүргізілді.

18.07.2023

461

0

«AMANAT» партиясы Жалағаш аудандық филиалының «Жастар» бастауыш партия ұйымының ұйымдастыруымен жасөспірімдерге байланысты түнгі рейд, мониторинг жұмыстары жүргізілді.

Шараның мақсаты – балалар мен жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу және беймезгіл уақытта жасөспірімдердің түнгі дүкендер мен қоғамдық ойын-сауық орталықтарында заңсыз жүруіне жол бермеу.

Аталған шараға AMANAT» партиясы Жалағаш аудандық филиалының «Жастар» бастауыш партия ұйымының төрағасы Нұржан Амандық, аудандық жастар ресурстық орталығы және аудандық полиция бөлімінің мамандары қатыстырылды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: