Ішкі істер министрлігі жеке куәлікті жедел тәртіппен беру құнын төмендетуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды Kazinform.
Ашық НҚА порталында жарияланған бұйрық-жобасында жазылғандай, енді Астана, Алматы, Шымкент қалаларында және облыс орталықтарында баға мынадай болмақ:
– құжат 1 жұмыс күнінде дайындалатын болса – 3372,45 теңге (қазір 4 983 теңге);
– куәлік 3 жұмыс күнінде дайындалатын болса – 1770,88 теңге (қазір 2 752 теңге);
Ал облыстардың аудандары мен қалаларында құжат тек 7 жұмыс күні ішінде дайын болады. Оның құны 677 теңге 95 тиын мөлшерінде (қазір 1 116 теңге) бекітілді.
«Түзетулер мемлекеттік монополияға жататын Ішкі істер министрлігінің «Ақпараттық-өндірістік орталығы» қызметтерінің бағасын төмендету жағына қарай, Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің түзетулеріне байланысты енгізіледі», – деп түсіндірме берілген бұйрық-жобасына.
Құжат 30 қазанға дейін көпшілік талқылауда болады.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!