Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

18°C

, Сәрсенбі, 08 сәуiр, 16:07

Жеке мәліметтер қолды болды: Қазақстандықтарға ЖСН-ді ауыстыру қажет пе

07.04.2026

6

0

Жеке деректеріміз интернетке жайылып кеткеннен кейін, көпшілікті «ЖСН-ді ауыстыру керек пе?» деген сұрақ мазалай бастады. Бұған Әділет вице-министрі Бекболат Молдабеков жауап берді, – деп хабарлайды KAZINFORM

Айта кетейік, бұған дейін желіге қазақстандықтар туралы 16 миллионға жуық мәлімет шығып кеткен болатын.

Кейін бұл жағдайға қатысты тиісті органдар тексерісте болатыны жайлы мәлімдеген. 

— ЖСН-ді қайта шығарудың еш мәні жоқ, өйткені бұл — сәйкестендіру нөмірі. Несиелер мен алаяқтарға келетін болсақ, біз әріптестерімізбен бірге арнайы жұмыс істедік. Egov порталында «Стоп-кредит» сервисі бар. Сол реестрге аты-жөніңізді енгізсеңіз, сіздің рұқсатыңызсыз ешкім атыңызға несие рәсімдей алмайды. Сондықтан деректердің бәрі қорғалған, — деді вице-министр.

Оның айтуынша, ең басты қауіп адамдардың өз аңғалдығынан болады. Сондықтан ол алаяқтарға алданбаудың жолын да түсіндірді.

— Ең бастысы ешкімге сенбеңіздер. Телефонға келген СМС-кодтарды ешкімге айтуға болмайды. Ол кодтар тек мемлекеттік қызмет алып жатқанда ғана керек. Сақтанып жүру үшін 1414 нөмірінен келген хабарламаны ешкімге жібермеңіз. Ал несие алмайтын болсаңыз, баяғы «Стоп-кредитті» қосып тастаған дұрыс. Егер ақша керек болып жатса, бұл шектеуді небары екі минутта алып тастауға болады, — деді Бекболат Молдабеков.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев те осы мәселеге қатысты өз пікірін білдірген еді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: