Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

-4°C

, Сәрсенбі, 25 желтоқсан, 09:23

ЖЕМҚОРЛЫҚТЫ ЖҰМЫЛҒАНДА ЖЕҢЕМІЗ

18.08.2022

475

0

Қазақстанның мемлекеттік саясатының негізгі басымдықтарының бірі сыбайлас жемқорлықпен күрес болып табылады.

Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» заңында сыбайлас жемқорлыққа мынадай анықтама берілген: бұл – «…жеке түрде немесе делдалдар арқылы мүліктік игіліктерді заңсыз алу және мемлекеттік қызмет атқарушы тұлғалардың, сондай-ақ оларға теңестірілген тұлғалардың өз лауазымдық өкілеттіктері мен өкілеттеріне қатысты мүмкіндіктерін мүліктік пайда табу үшін жеке басына пайдалануы, сондай-ақ аталмыш тұлғаларға жеке және заңды тұлғалардың көрсетілген игіліктер мен жеңілдіктерді құқыққа қайшы түрде пара ұсыну жолымен сатып алуы».

Елімізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелерін реттейтін ҚР қылмыстық кодексі, әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі, Еңбек кодексі, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңы, Қазақстан Респбуликасы Президентінің Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексі негізгі нормативтік құқықтық актілері болып табылады. Аталған заң азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, сыбайлас жемқорлық көріністерінен туындайтын қауіп-қатерден еліміздің ұлттық қауіпсіздігін қамтамсыз етуге, жемқорлыққа қатысты құқық бұзушылықтың алдын алуға бағытталған. Қоғамымыздың барлық саласына дендеп еніп бара жатқан жемқорлықтың жолына батыл тоқсауыл қойып, олардың зардаптарын жою және мүдделілерді жауапқа тарту бүгінгі күннің ең басты міндеттерінің бірі.

Әкімшілік және конституциялық реформалардың мәні мен мазмұны сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейтуге және оның көріністеріне мүлдем төзбеушілік сезімін қалыптастыру болып табылады. Мемлекет осы қауіпті құбылыспен қатаң және жан-жақты жоспарлы күрес жүргізуді басты мақсат етіп отыр.

Жалпы айтқанда мемлекеттік қызметкердің атына кір келтіретін әрекеттерден әркімнің де аулақ болғаны жөн. Бұндай заң бұзушылыққа қасақана барғандар қатаң жазаға тартылады. Әрине, ең алдымен бүгінгі бала, ертеңгі мемлекеттік қызметкердің отбасындаға тәлім-тәрбиесі дұрыс болуы ләзім және әрбір отбасы осы мәселеге аса мән бергені абзал.

Сыбайлас жемқорлықпен күрестің басты бағыты – оның алдын алу. Халқымызда «Бір қарын майды бір құмалақ шірітеді» деген қанатты сөз бар. Сондықтан да құлқынның қамын ойлаған кейбіреулердің теріс әрекеті бүкіл ұжымға кері әсерін тигізбеуі үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы бірлесе, ымырасыз күрескеніміз дұрыс.

Куляим КАИПБАЕВА,

Жалағаш аудандық Қазынашылық басқармасының

бас маман-бас қазынашысы

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: