Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

24°C

, Сәрсенбі, 09 қазан, 12:41

Жеңіс жалауы желбіреген күн

09.05.2023

312

0

9 мамыр – жанқияр ерліктің, еңселі елдіктің рухы өрлеп, Жеңіс жалауы желбіреген күн. Өйткені бүгінгі тәуелсіздік тұғырының берік, еңсеміздің биік болуы да, еліміздің өркендеуі мен халқымыздың бейбітшілікте ғұмыр кешуі ата-бабаларымыздың батырлығының, ерлігінің, жанкештігінің арқасында келіп отыр.

Жалпы, Ұлы Отан соғысына 35 млн адам, соның ішінде 1,5 млн қазақстандық қатысты. Бұл республика халқының 18 бен 50 жас аралығындағы ересектердің 70 пайызы. Ұрыстардың алғы шебінде Қазақстаннан жіберілген 23 бірлестік, 50 шақты полктар мен батальондар шайқасты. Қазақстандықтар Мәскеу мен Ленинградты жанын қия қорғап, Украина мен Беларусьті, Балтық маңы мен Молдованы азат етуге атсалысты, Берлин шабуылына қатысты.
Ондаған мың қазақстандық ерен еңбегі мен ерліктері үшін марапатталса, бес жүзден астам адам Кеңес Одағының Батыры атанды, төрт адам бұл атаққа екі мәрте ие болды, 142 адам Даңқ орденінің толық жинағының иегері атанды.
Десе де бұл дата – ресми Жеңіс күні ретінде мереке болып саналғанымен, мейрамнан гөрі тарихи салмағы басым, өткеннен сабақ алуға лайықты күн. Өйткені тіршіліктің қасіреті саналатын зұл­мат соғысқа әр шаңырақтың үміт ар­тып отырған баласы, ағасы-інісі, асқар таудай әкесі, ақыл айтар атасы аттан­ды. Иә, сұрапыл соғыс әр қазақтың тағдырына әсер етпей қоймады. Шең­гелін ең әуелі жетім бала мен жесір әйелге қатты батырды. Ауданымыздан сұрапыл соғысқа 2316 азамат аттанса, олардың 695-і ғана елге аман-есен орал­­ған. Иә, өкініштісі, қазір майдангер ата­ларымыз бен әкелеремізден көзі тірісі ешкім қалған жоқ. Бірақ олардың жауын­герлік жорық жолдары, ерлік рухы, өне­гелі өмірі кеінгі ұрпаққа үлгі болып келеді.
Осы орайда, өңір басшысы Асқарбек Темірбекұлы Ұлы Жеңіс күніне орай аудан орталығындағы «Ер есімі, ел есін­де» ескерткішіне гүл шоғын қою рәсі­міне қатысып, тұрғындармен бірге батыр­ларымыздың әруағына тағзым етті.
Мұнан бөлек атаулы күнде ауда­ны­мызда бірнеше іс-шаралар ұйымдас­тырылып, жалағаштықтар Жеңіс күнін өнегелі істер арқылы атап өтті. Мәселен Ұлы Отан соғысының жауынгері, гвардия кіші лейтенанты, ІІ дәрежелі «Отан со­ғысы», «Қызыл Жұлдыз» ордендерінің иегері Сауда Ормановтың атына Жала­ғаш кентінен көше берілді. Батыр атын­дағы көшенің ашылу салтанатына аудан әкімі Асқарбек Есжанов қатысты.
Бүгін Сауда Мәдиұлы әкеміз сексен жылдан кейін елмен қайта қауышып жатыр. Елім деген ерлердің есімін ар­дақ­­тау, ұлықтау – кейінгі толқын, жас ұр­пақ­ты елді, туған жерді сүюге, ерлікке бастайды.
Бүгінгі салтанатта Сауда Мәдиұлы әкеміздің есімімен аудан орталығындағы бір көшенің аталуы құптарлық іс, ер­лік­ке тағзым деп білемін, – деді аудан басшысы.
Сондай-ақ, аудан әкімі Асқарбек Те­мір­бекұлы тылда тынбай еңбек май­­данын бағындырған Мұхамеджан Дән­ді­баевтың және Ұлы Отан соғысының ардагері Медетбай Байжановтың жұ­байы Оразкүл Байданованың шаңы­ра­­ғына арнайы барып, Жеңіс күні мере­кесімен құттықтады.
Иә, Ұлы жеңісті жақындатуға абзал арыстандарымыздың майдан дала­сын­да, отандастарымыздың тылда қос­қан еңбегі өлшеусіз. Ағалардың ардақты ісін бүгінгі күні кейінгі ұрпақ лайықты табыстармен жалғастырып келеді.

Жандос МАХМҰТҰЛЫ

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: