Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

22°C

, Сенбі, 27 шiлде, 06:53

Жол сапасы жақсарды

01.07.2023

508

0

Бүгінде ауданда жол жөндеу жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Соның бірі мердігер «Қызылорда жолдары» ЖШС мекемесінің мамандары көктемде кенттегі М.Шәменов көшесінің күрделі жөндеу жұмыстарын қолға алып, қызу жұмысқа кіріскен болатын. Біз де құрылыс жұмыстарының бүгінгі ахуалымен танысу мақсатында аталған көшеге атбасын бұрдық.

Ауа райының аптап ыстығына қарамастан жолшылар көшедегі жұ­­мысты тоқтатпаған. Құрылыс ба­рысы қар­қынды. Жүйелі жұмыс­тың нәти­жесі де көзге көрініп тұр. Бүгінде ас­фальт төсеудің 90 пайызы тәмам­далған, енді әрі кетсе 10 күндік жұмыс қа­лып­ты. Шыны керек, жа­ңарған жол­ға қарасаңыз, көз тойып, көңіл мар­қаяды. Теп-тегіс ас­фальт, екі жа­ғындағы ені 1,5-2 м бо­ла­тын жаяу жүргін­­­шілерге ар­нал­ған жол да сапалы жасалып, тас кес­пек­ше орналастырылған.
Са­па­­лы бо­ла­тынындай бар, өйткені мерді­гер ме­кеме жол жөн­деудің бар­­лық ере­же­лерін сақтап, жұмыс жүргізуде. Алдымен ескі асфальтты сүріп, жолды тегістеп алды. Содан соң жол­­дың бетіне бірінші топырақ жайып, кейін бетіне қиыршық тас тө­се­лді. Осы жұмыс аяқталған соң ғана асфальт төсеу жұмыстарын бас­таған. Сондай-ақ сүріліп алынған ескі асфальттың ұнтағы да пайдаға асы­рылып, жолдың екі жағына төселген.
– Бүгінгі таңда жол құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Көріп тұрға­ныңыздай, жол бойында арнайы тех­ника мен құрылысшылар ты­ным­сыз тер төгуде. Жұмыстың 80 пайызы ауыр болғандықтан, барлық істерді техникамен еңсер­дік. Ал қол­мен атқарылатын жол шетіндегі жо­лақты толығымен ор­натып біттік десе де болады. Бү­гінге дейін жол құрылысының 90 пайызын аяқтап, қолданысқа беріп те үлгердік. Ал­дағы уақытта ауа райы кері әсе­рін тигізбесе, жос­пар­ланған жұмысты екі аптаның ішінде аяқтаймыз деген ойдамын, – дейді «ОрдаАвтодор» ЖШС бригадирінің көмекшісі Сырым Бисенов.
Жалпы, асфальттың қалың­дығы төселген құм-тасымен есеп­тегенде 15 см болса, ал асфальт­тың өзі 7-8 см қалыңдықта тө­селген. Со­ны­мен қатар көшенің ор­та­сынан өтіп жатқан арыққа темірден 28 көпір орнатылмақ, яғни жаяу жүр­­­гін­­­шілердің жүріп тұ­руы да жеңіл­дейтін болады. Ас­фальт­тау жұ­­­­мыс­тары аяқталған соң жол бел­гі­лері орнатылып, ас­фальт жиегіне тас төселеді. Көше құ­ры­лысына 50 шақты жұмысшы тартылған, олар дың барлығы – ауданның жұ­мыссыз тұрғын­дары­. Осы кө­шенің құрылысы толық аяқталса, мердігер мекеме кент­тегі Мысық би көшесіне жөндеу жүргізбек.
Иә, көше тұрғындары да жол­дың күр­­делі жөндеуден өтіп жатқанына қуа­нышын жасырмады.
– Жасыратыны жоқ, кент орта­лығында тұрсақ та, соңғы жылдары көшеміздің сапасы төмендеп кет­кен еді. Енді міне, жаңа асфальт жабындысы төселіп жа­тыр. Көше­міздің ажары кіріп қалды. Қуаны­шымызда шек жоқ. Аллаға шүкір, азаматтарға да риза­мыз. Өңір бас­шысына да өкпе жоқ. Мына жолды көріп, мәз болып отыр­мыз, – дейді кент тұрғыны Назира Кенжеғараева.
Иә, өңірімізде кейінгі жылдары жол құрылысы қарқын алғанын жа­ла­­ғаштықтар жақсы біледі. Был­тыр да бұл бағытта ауқымды жұмыстар атқа­рылып, 9 жоба жүзеге асқан болатын. Сондай-ақ кенттегі 2 кө­шеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізілген еді.
Қазіргі таңда М.Шәменов көше­сінен бөлек аудан орталығындағы І.Нұркенов, А.Қазыбеков, А.Бекті­баев, Желтоқсан көшелері де ас­фальтталды. Со­нымен қатар кент тұр­ғындарының ұсынысына сәй­кес Өмір­бай шешен көшесі Мыр­за­­лиев­тен Қалыбаев көшесіне дейін кеңейтіліп, тас төселген. Ал Сәрке ба­тыр көшесінің тұйы­ғында тұратын ха­лықтың тілегі орындалып, көшеге тас төсеу жұ­мыстары жасалған.
Жалпы алғанда, ауданда атқа­ры­лып жатқан жұмыстар көп. Әр ауыл-аймақта қарапайым ха­лық үшін жасалып жатқан істер көңіл қуантады. Автокөлік жолдарын жөн­деу, алды­мен темір тұлпар тізгіндеген тұрғын­дарға қолайлы болатыны сөзсіз. Осын­дай жағымды жаңалықтар мен игі бастамалар көп болса, ауданымыздың әлеуеті артатынына сенім мол.

Жандос ЖАЗКЕН

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: