Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

15°C

, Сенбі, 27 сәуiр, 00:14

Жолдау әділеттілікке деген сенімді нығайтты

29.09.2022

278

0

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2022 жылдың 1 қыркүйегінде Қазақстан халқына арнаған «Әділетті мемлекет. Бір тұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдауын талқылау мақсатында «AMANAT» партиясы Жалағаш аудандық филиалының мәжіліс залында кездесу болып өтті.

Аталған кездесуда «AMANAT» партиясы атынан сайланған Жалағаш аудандық мәслихат хатшысы Гүлзат Құрманбаева және ақпараттық-насихаттық топ мүшесі, З.Жарқынбаев атындағы №202 орта мектеп директоры Гүлнар Бекмолдаева қатысты.

Жолдау – Қазақстандықтардың әл-ауқатын, экономикалық, қоғамдық-саяси өмірін жақсартуға, ел өмірінің барлық саласына айқын міндеттер қойғандайды. Президент Жолдауындағы ұлттық қордың инвестициялық табысының 50 пайызын балалардың шотына аударуды ұсынды. Бұл бастама 2024 жылдан бастап қолға алынатын болады. Сондықтан құрметті бүгінгі отырысқа қатысушылар Мемлекет басшысының бастамаларының жүзеге асуы үшін баршамыз бір болып тер төгуіміз қажет. Сонда ғана еліміздің болашаққа деген нық сенімі орнайтын болады – деді Гүлзат Құрманбаева.

Ақпараттық-насихаттық топ мүшесі Гүлнар Бекмолдаева өз сөзінде Жолдаудағы басым бағыттарға тоқталып, ел игілігі жолында атқарылатын жұмыстарға белсенділік танытуға шақырды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: