Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

22°C

, Сенбі, 20 сәуiр, 02:35

ЖОЛДАУ БАҒЫТТАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

09.09.2022

283

0

Мемлекет басшысы, Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «ӘДІЛЕТТІ МЕМЛЕКЕТ. БІРТҰТАС ҰЛТ. БЕРЕКЕЛІ ҚОҒАМ» атты Қазақстан халқына Жолдауын насихаттау жұмыстары «AMANAT» партиясы Жалағаш аудандық филиалының «Дарын» БПҰ жалғасты.
Аталған жиынға Жалағаш аудандық мәслихаттағы «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының жетекшісі Қаншагүл Мұстафаева, партия ардагері, партияның аудандық филиалы жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңес мүшесі Дина Мейірманова және «Дарын» БПҰ төрағасы Талғат Садықов қатысты.
Мемлекет басшысының кезекті Жолдауында Қазақстан халқының басты мәселелерін айтып, жаңа бастамаларға жол ашты. Сонымен қатар Президент денсаулық сақтау жүйесінің тиімділігін арттыру туралы, сапалы білім беру мәселелерін қозғады. Осы мәселелермен қоса жаңа бастамаларды таныстырды. Жолдауда бізді қуантқан маңызды мәселе – мемлекет тарапынан әлеуметтік қолдау шаралары болды – деді партия ардагері Дина Мейірманова.
Жалағаш аудандық мәслихаттағы «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының жетекшісі Қаншагүл Мұстафаева жолдауда айтылған маңызды бағыттарына тоқталып өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамаларын қолдап, жолдаудағы міндеттердің орындалуына үлес қосуға шақырды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: