Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

0°C

, Жұма, 13 желтоқсан, 17:52

Жолдау – ел әлеуетін көтеруге жаңа бағыт береді

06.09.2023

527

0

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Жолдауы халық арасында талқыланып, биылғы жолдаудың ерекшілігі экономиканың өсуіне қатысты бірқатар реформаларды ұсынғанын айтуда. Елде ең төменгі жалақы 85 мың теңге болады. Бұл шара 1 миллион 800 мың адамның, оның ішінде бюджет саласында еңбек ететін 350 мың азаматтың әл-ауқатын арттыруға септігін тигізеді. Сонымен қатар, елдімекендерді газбен қамтамасыз ету жұмыстары қарқынды түрде жалғасады. Алдағы жылдары Жалағаш ауданының бірқатар ауылдары көгілдір отынның игілігін көріп бастайтын болады.

Су – тіршілік көзі. Жолдауда су мәселесін шешу бойынша бірқатар тапсырмалар беріліп, жаңа министрліктер құрылатындығын жеткізді. Біздің аймақ суды көп қажет ететін, егіншілікпен айналасатын өңір екендігі баршаға мәлім. Алдағы жылдары су мәселесі біржолата реттеліп, диқаншылардың қуанышы еселеніп, тұрғындардың несібесі артады деп сенім білдіремін.

Еліміздің табысты болашағын айқындайтын – Жолдауда айтылған реформалар еліміздің дамуындағы айқын нұсқаулықтар. Яғни, Отбасы банктің жұмысы қайта қаралып, негізгі қалалар емес, моноқалаларға, аудандарға басымдық беріледі, «Бизнестің жол картасы» және «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламаларын біріктіріледі, Үкімет «AMANAT» партиясымен бірлесіп «Қарызсыз қоғам» жобасының ауқымын кеңейту жұмыстарын жүргізеді сонымен бірге, аудан әкімдеріне жергілікті бюджетті басқару құқығы берілетін болады.

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауы әрбір тұрғынға, әрбір қазақ жұртына жүктелетін зор жауапкершілік деп білемін. Басты мақсат – алдағы кезеңдерде алға қойған мақсатымыздан таймай, Әділетті Қазақстан жолында аянбай тер төгуіміз қажет. Жыл сайын дәстүрлі түрде өтетін Жолдауды халық асығыстықпен күтетіні рас. Демек, бұл ел дамуы жолында әрбір қазақстандықтың болашаққа деген оң көзқарасын білдіреді.

Гүлжайна АЙТЖАНОВА ,
Жалағаш аудандық мәслихат депутаты, аудандық мәслихаттағы «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының мүшесі.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: