Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

-5°C

, Бейсенбі, 12 желтоқсан, 10:02

Жыл басынан бері 109 орталығына аймақ бойынша 115 456 өтінім түскен

17.10.2023

408

0

Биыл қыркүйек айынан бастап 109 жедел әрекет ету орталығы облыстық сайлау комиссиясының бірыңғай call-орталығы болып ресми түрде бекітілді. Осыған орай, тіршілікті қамтамасыз ету қызметтерін басқару регламенті жаңартылып, қайта бекітілді. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында Қызылорда облысы әкімі аппаратының «Жедел әрекет ету орталығы» КММ-нің директоры Руслан Бүркітбаев хабарлады.

«Осы жылдың тамыз айында барлық аудан әкімдіктеріне барып, «109-қызметі» бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілген болатын. Осылайша, 16 тамыздан бастап барлық аудандар «109» бірыңғай желісіне қосылды. Бұдан бөлек, жедел әрекет ету орталығының инспектор-операторлары елімізде өткен кезектен тыс сайлау науқандарының барысында арнайы курстардан өтіп, мол тәжірибе жинақтады. Алда өтетін ауыл әкімдерінің сайлауы барысында да 109 қызметі тұрғындардың кез келген сауалдарына жауап беруге және ақпараттарды толықтай анықтауға дайын екендігін айтқым келеді, – деді Руслан Бейбітбекұлы.

Айта кетейік, жыл басынан бері 109 орталығына аймақ бойынша 115 456 өтінім түскен. Оның ішінде, 50 пайызға жуығы ақпаратқа сұрау салу мәселесімен хабарласқан.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: