Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

6°C

, Жұма, 29 наурыз, 20:46

Әке берген бата

27.01.2021

1184

0

Ташкентте Фазыл қари көпшілікке танымал кісі екен. Ол кісінің әкесі ақылынан алжасқан, ақыл-есі дұрыс болмапты. Фазыл қари жұмыстан үйіне келсе, әкесі үнемі «балам мені үйге апаршы», – дейді екен. Өз үйінде болса да солай айта береді екен. Сосын баласы, әкесінің айтқанын екі етпей, көлігіне отырғызып алып, көшені бір айналдырып келіп, «Әке, әне үйге келдік» деп өз үйіне қайта әкеледі екен.

Әкесі сонда: Рахмет балам, «бәрібір өз үйіңе жетпейді ғой» деп баласына мәз болады екен.
Күнде осылай қайталана береді. Бір күні Фазыл қари бір себептермен жұмысынан шығып қалып, көлігін де сатып жібереді. Әкесі күндегі әдетінен жаңылмай, «балам, мені үйге апар», – дейді екен.
Машинасынан айырылған баласы бір арбаның үстіне көрпе төсеп, әкесін соған отырғызып, ыңылдап машинаның дауысын салып ауланы бір айналдырып келіп:
– «Әке, әне үйге келдік» дейді екен.
Әкесі мәз болады екен. Бір күні әкесі «Балам, қолыңды жай, мен бүгін саған жақсылап бата берейінші, дұға етейін», – депті
– Балам, бүкіл әлемнің патшалығы сенің арқаңда жүрсін, – деп бетін сипап, бата беріпті.
Ал ұлы болса, “Қалай бүкіл әлемнің ел билеушілері менің арқамда жүреді? Мен оқымасам, үлкен жұмыста істемесем” деп таңырқапты. “Мейлі, әкемнің ақылы бүтін емес қой”, деп күліп, үндемей қоя салған екен.
Арада біраз жылдар өтеді. Баласы Фазыл қари дінге бет бұрып, 1998-2000 жылдары үлкен қари атанады. Сол жылдары Самарқанның бір кесенесі ашылған ба, мешіт соғылған ба, әйтеуір бір үлкен жиын болыпты. Оған барлық көрші Ресей, Қырғыз тағы да басқа мұсылман елдерінің Президенттері келіпті. Сол жиынға Өзбекстанның бұрынғы басшысы Ислам Каримов осы Фазыл қариды шақыртыпты және қариға айтыпты:
– Сіз алға түсіңіз, бізге жол бастаңыз, – деп алдына өткізіп жіберіпті.
Сонда алда келе жатып Фазыл қари ебіл-себіл жылаған екен. Жанындағылар таң қалып:
– Неге жылайсыз? Артыңызда ел билеген патшалар келе жатыр, жыламаңыз, – депті. Фазыл қари сонда, әкесінің берген батасын есіне алып және оның қабыл болғанын айтып берген екен.
Ата-ананың батасы қашанда қабыл болады. “Баталы ер арымас” деген сөз осыдан қалса керек.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: