Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

-5°C

, Бейсенбі, 09 қаңтар, 22:25

Қырғыздар енді көлікке салық төлемейді

09.01.2025

66

0

Қырғызстанда салықтық рақымшылық жарияланып, көлік құралына салынатын салық жойылды, деп хабарлады қырғызстандық бұқаралдық ақпарат құралдары.

Мемлекет басшысы Садыр Жапаров «Халықтың және кәсіпкерлік субъектілерінің салық жүктемесін азайту және салық салуды әкімшілендіруді жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» жарлыққа қол қойды. Осы құжатқа сәйкес көлік құралына салынатын мүлік салығы жойылды.

Көлік салығы «Жол қоры туралы» заңға енгізілген өзгерістердің нәтижесінде жойылды, есесіне отынның әр литрінен бір сом алым алынады.

Сондай-ақ 2025 жылғы 1 қаңтарға дейін көлік салығын төлемеген және оларға қатысты өндіріп алу туралы сот актісі жоқ азаматтар көлік салығынан босатылады.

«Біз сондай-ақ заңды және жеке кәсіпкерлердің 2022 жылдың 1 қаңтарына дейін жинақталған барлық қарызын кешірдік. Аталған кезеңдегі салықтар тексерілмейді», – деді Қырғызстан басшысы әлеуметтік желіде.

Сонымен қатар президент фермерлерді жер салығынан босату мораторийін 2030 жылға дейін ұзартты.

«Осы мерзімге дейін біз жерді суару мәселесін шешеміз, негізгі және қосалқы суару арналарын саламыз, барларын толығымен тазалаймыз және қажет болған жағдайда жаңасын саламыз. Жалпы, мемлекет фермерлер үшін су мәселесін шешеді. Осыдан кейін біз қайтадан салық жинай бастаймыз», – деді Жапаров.

2025 жылғы 1 қаңтардан бастап Қырғызстанда жанар-жағармай материалдарының әрбір литрінен жолдарды жөндеу және оларға қызмет көрсету үшін 1 сом алым алынатын болады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: