Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты күн құбылмалы болады, деп хабарлайды Қазгидромет.
Елдің басым бөлігінде жаңбыр жауып, солтүстік-батыста, солтүстікте, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста найзағай ойнап, екпінді жел тұрады, нөсер жаңбыр жауады, бұршақ жаууы да мүмкін.
Елдің оңтүстік-батысында, оңтүстігінде шаңды дауыл тұрады. Қазақстанның солтүстік-батысында, солтүстігінде, оңтүстік-шығысында тұман түседі.
Жамбыл облысында, Қызылорда облысының шығысында, орталығында, Атырау облысының солтүстік-батысында, оңтүстігінде, Алматы облысының солтүстік жартысында, Ақтөбе облысының батысында төтенше өрт қаупі сақталады.
Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-батысында, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.
Павлодар, Қарағанды, Ұлытау облыстарының оңтүстігінде, Абай облысының батысында, солтүстігінде, Жетісу облысының солтүстік-шығысында, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!