Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

-6°C

, Сенбі, 21 желтоқсан, 23:55

Қызылорда теміржол вокзалы жаңаруда

02.09.2023

419

0

Қызылорда теміржол вокзалы  – өткен ғасырдың басында ерекше  архитектурамен салынған нысан. Тоғыз жолдың торабында орналасқан, әр тараптан келген жолаушыларды тоғыстыратын шаһардың бас қақпасы.

Биыл сәуір айында «Қазақстан темір жолы» компаниясымен бірлесіп, Қызылорда қаласындағы теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде. 
Теміржол вокзалының әкімшілік ғимаратын мердігер мекеме «Берсугир» ЖШС жөндеуде.

Бүгінде сыртқы және ішкі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, ғимарат жаңа кейіпке еніп, келбеті ажарлана түсті. Вокзал аумағындағы 2-ші перронға және автотұраққа жаңа асфальт жабындылары төселуде. Жалпы 3 700 шаршы метр аумақ асфальтталып, тағы 1 500 шаршы метр  аумақты асфальттау жұмыстары жүргізілуде.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: