Еңбекке қабілеттіліктен айырылу және асыраушысынан айырылу жағдайлары бойынша төленетін әлеуметтік төлемдер өседі
2024 жылғы 1 қаңтардан бастап Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорынан төленетiн әлеуметтiк төлемдердiң мөлшерi 7%-ке артады.
Тиісті үкімет қаулысы «Ашық НҚА» порталында жарияланды.
«2024 жылғы 1 қаңтарға дейін Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан тағайындалған еңбекке қабілеттіліктен айырылу және асыраушысынан айырылу жағдайлары бойынша төленетін әлеуметтік төлемдердің мөлшерлерін 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап алатын әлеуметтік төлемдердің мөлшерінен 7 пайызға арттыру жүргізілсін», – делінген құжатта.
Қаулы 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енеді.
Құжат 15 қыркүйекке дейін қоғам талқысына шығарылды
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!