Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

-7°C

, Жексенбі, 22 желтоқсан, 08:02

Қазақстанда қазіргі уақытта 11 мыңға жуық адамға іздеу жарияланған – Бас прокуратура

12.09.2023

272

0

Бас прокуратураның құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің деректері бойынша қазіргі уақытта 10 748 адам іздестірілуде, олардың 2 176-сы – хабар-ошарсыз жоғалғандар, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Жоғалған адамдардың көп бөлігі:

Алматы қаласы – 287;

Қарағанды облысы-221;

Павлодар облысы-170;

Алматы облысы – 167 тіркелген.

Көбінесе 30 -дан 49 жас аралығындағы ер адамдар әртүрлі жағдайларда жоғалады (77%).

Үйден кетіп, оралмаған – 1 634 адам,

автокөлікпен жоғалған – 74,

жұмыстан кеткен-36.

Сондай-ақ, Қазақстанда тергеу мен соттан жасырынған 2 372 адам іздестірілуде.

Іздеуде жүргендер негізінен 31 мен 40 жас аралығындағы ер адамдар (89%).

Олардың ең көп саны алаяқтық (510), ұрлық (318) және кісі өлтіру (146) дерегі бойынша:

Алматы қаласында (514)

Астана қаласында (185)

Шымкент қаласында (155)

Алматы (143)

Қарағанды (140) облыстарында іздестірілуде.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: