Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

-4°C

, Дүйсенбі, 23 желтоқсан, 10:30

Ермек Маржықпаев Қазақстан құрамасын Азия ойындарына шығарып салды

20.09.2023

359

0

Кеше Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев Алматы облысындағы республикалық олимпиадалық даярлық базасында XIX жазғы Азия ойындарына қатысатын Қазақстан құрамасымен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz аталған ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ермек Маржықпаев спортшылар және жаттықтырушылар құрамымен әңгімелесіп, оларға сәттілік тіледі. Министр Азия ойындарында табысты өнер көрсету өте маңызы екенін айтты. Себебі байрақты бәсекеде құрлық чемпионы атағымен қатар спорттың 8 түрінен Париж Олимпиадасының жолдамасы сарапқа салынады.

«Біз осы сәтке дейін ұзақ әрі ауқымды жұмыс атқарып, өте белсенді дайындықты өткердік. Кешенді жоспар әзірленді. 400-ден астам оқу-жаттығу жиындары өтіп, түрлі турнирлер ұйымдастырылды, соның арқасында біздің спортшылар өздерін жоғары халықаралық деңгейде көрсетуге мүмкіндік алды. Санаулы күндерден кейін сіздер басқа елдердің талантты және шебер спортшыларымен бәсекеге түсесіздер. Бұл оңай емес, бірақ ондай турнирлерде мінез шыңдалады, құнды тәжірибе жинақталады. Баршаңызға сәттілік, жігер мен төзімділік тілеймін. Байрақты бәсекеде медальдар, Олимпиадаға жолдамалар, рейтингтік ұпайлар ғана емес, сонымен қатар ел намысы, бүкіл отандық спорттың мәртебесі бәске тігіледі. Біздің министрлік әрдайым отандық спортшыларды, жаттықтырушыларды және осы саланың басқа да мамандарына қолдау көрсетеді. Біз әлемге елімізді танытып қана қоймай, өскелең ұрпаққа үлгі көрсетіп, спорт пен салауатты өмір салтына деген қызығушылықты оятамыз. Баршаңызды үлкен спорт мерекесінің басталуымен құттықтаймын және алдағы Азиадада ең биік шыңдарды бағындыруға тілектеспін!», деді Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев.

Еске салайық, XIX жазғы Азия ойындары 23 қыркүйек пен 8 қазан аралығында Қытайдың Ханчжоу қаласында өтеді. 4 жылда бір рет ұйымдастырылатын жарысқа еліміздің атынан қатысатын 524 атлет 30 спорт түрінен 305 медаль үшін таласады. Қазақстан құрамасы 1994 жылдан бері Азия ойындарына осымен сегізінші рет қатысып жатыр.

Жарысқа 45 мемлекеттен 15 мыңнан астам спортшы қатысып, спорттың 40 түрінен жалпы саны 481 медаль жиынтығын өзара сарапқа салады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: