Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары Мұрат Бақтиярұлы және Әлназарова Ақмарал Шәріпбайқызының референдумның маңыздылығы бойынша кездесуі Аққұм ауылында жалғасты.
Сенат депутаттары халықпен кездесу барысында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасымен еліміздің Конституциясына енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларға кеңінен толталды. Ата заңның 33 бабына өзгерістер енгізілетін болады. Басты мақсат – саяси бәсекелестік үшін жағдай жасау, жеке тұлғаның емес халық мүддесіне жұмыс жасау, халықтың елді басқаруына жағдай жасау, халықтың конституциялық құқықтарын қорғау тетіктерін күшейту.
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарымен халықпен кездесуге партияның аймақтық филиалы жанындағы қоғамдық штаб төрағасы Төрешова Ләйлә, аумақтық штаб төрағасы Мұстафаева Қаншагүл, штаб мүшелері Имамзада Шағыртаев, Ахметжамиев Асхат қатысты.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!