Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

7°C

, Сенбі, 23 қараша, 16:01

Қызылордаға Мұхтар Әуезов атындағы драма театры шығармашылық сапармен келді

05.12.2023

1064

0

Театр – сананы сезімге, жан дүниені әсемдікке бөлейтін өзгеше құбылыс. Миыңды тынықтыратын, ішкі сезімдерді шынықтыратын, күйзелісті ұмыттыратын таңғажайып орта. Бүгін Сыр өңіріне ғасырға жуық тарихы бар, қазақ өнерінде қайталанбас орны қалыптасқан Мұхтар Әуезов атындағы қазақ ұлттық драма театрының өнерпаздары шығармашылық сапармен келді.

Аңыз адам Асанәлі Әшімов бастаған театр ұжымы республикада үздіктердің бірі ретінде халықтың көңілінен шыққан.

Қойылым алдында театр ұжымы БАҚ өкілдеріне арнайы баспасөз конференциясын өткізіп, өнерпаздар журналистердің сұрақтарына жауап берді.

-Театр деген – терең ұғым. Бұл киелі сахнада қаншама образ сомдалады. Талғампаз көрерменнің ойынан шығу тіпті бөлек әңгіме. Сын түзелмей, мін түзелмейді. Әр театрда кемшіл тұстары болады. Болдық, жетілдік деуден аулақпыз. Біз бұл жаққа қонақ емеспіз. Сыр елінің мәдениетімен, әдебиетімен, өнерімен, театрымен танысу үшін келдік. Қош келдік, Сыр еліне!,- деді Асанәлі Әшімұлы.

М.Әуезов театры 4-8 желтоқсан аралығында “Қарагөз” драмасы , “Қорқыттың көрі” аңыз-дастаны, “Қоштасқым келмейді” драмасы , “Қара” және “Бес бойдаққа бір той” туындыларын көрермен қауымға ұсынатын болады.

407221293_1905647223164114_880250660131585681_n.jpg
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: