Қазгидромет ел аумағында 2 ақпанда болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжам жасады.
Синоптиктердің дерегінше, Қазақстан аумағының басым бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуімен ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады.
«Қар жауады деп күтілуде, оңтүстік, оңтүстік-шығыс, оңтүстік батыста жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын түседі. Оңтүстіктің, оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында қатты жауады.
ҚР бойынша тұман, боранмен бірге жел күшеюі мүмкін, оңтүстік, оңтүстік батыста көктайғақ болады», — деп жазды ведомстводан.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!