Қазақстанның бас мемлекеттік санитария дәрігері Айжан Есмағамбетова «Ауа-тамшы жолы арқылы берілетін инфекциялық аурулардың таралуының алдын алу жөніндегі профилактикалық шараларды күшейту туралы» қаулыға қол қойып, маска тағу міндетті орындарды бекітті, деп жазады Zhalagash-zharshysy.kz Egemen.kz сілтеме жасап .
Айжан Есмағамбетова қол қойған қаулыда медициналық мекемелерде міндетті маска тағу режиміне өту тапсырылған.
«Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің облыстардың, Алматы, Астана, Шымкент қалаларының денсаулық сақтау басқармаларының, аумақтық департаменттерінің басшылары:
- медициналық ұйымдарда персоналдың және келушілердің медициналық маскаларды пайдалануын, антисептиктердің болуын;
- халық арасында COVID-19 коронавирус инфекциясының, тұмаудың және ЖРВИ профилактика шаралары туралы ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізуді қамтамасыз етсін», делінген қаулыда.
Сондай-ақ, бас санитар облыстар мен Алматы, Астана, Шымкент қалаларындағы халық көп жиналатын жерлерде: әуежайлар, теміржол вокзалдары, автовокзалдар, базарлар, сауда-ойын-сауық орталықтары, сауда үйлері, театрлар, кинотеатрлар, ХҚКО-ы, банктер т.б. және көліктің барлық түрлерінде: қоғамдық көлік, әуе, темір жол қатынастарында медициналық немесе матадан тігілген маска пайдалануды ұсынды.
Қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!