Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

3°C

, Жұма, 13 желтоқсан, 14:34

Қазақстанда қайта маска тағу міндетті орындар бекітілді

09.02.2024

933

0

Қазақстанның бас мемлекеттік санитария дәрігері Айжан Есмағамбетова «Ауа-тамшы жолы арқылы берілетін инфекциялық аурулардың таралуының алдын алу жөніндегі профилактикалық шараларды күшейту туралы» қаулыға қол қойып, маска тағу міндетті орындарды бекітті, деп жазады Zhalagash-zharshysy.kz  Egemen.kz сілтеме жасап .

Айжан Есмағамбетова қол қойған қаулыда медициналық мекемелерде міндетті маска тағу режиміне өту тапсырылған.

«Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің облыстардың, Алматы, Астана, Шымкент қалаларының денсаулық сақтау басқармаларының, аумақтық департаменттерінің басшылары:

  • медициналық ұйымдарда персоналдың және келушілердің медициналық маскаларды пайдалануын, антисептиктердің болуын;
  • халық арасында COVID-19 коронавирус инфекциясының, тұмаудың және ЖРВИ профилактика шаралары туралы ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізуді қамтамасыз етсін», делінген қаулыда.

Сондай-ақ, бас санитар облыстар мен Алматы, Астана, Шымкент қалаларындағы халық көп жиналатын жерлерде: әуежайлар, теміржол вокзалдары, автовокзалдар, базарлар, сауда-ойын-сауық орталықтары, сауда үйлері, театрлар, кинотеатрлар, ХҚКО-ы, банктер т.б. және көліктің барлық түрлерінде: қоғамдық көлік, әуе, темір жол қатынастарында медициналық немесе матадан тігілген маска пайдалануды ұсынды.

Қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: