Жексенбі күні облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев жауынгер-интернационалист Батыржан Шалғынбаевты еске алуға арналған футзалдан халықаралық турнирді қорытындылау іс-шарасына қатысып, жеңімпаздарды марапаттады. Биыл аталған турнир 28-ші мәрте ұйымдастырылуда.
Аймақ басшысы қатысушыларға алғыс білдіріп, жүлдегерлер мен жеңімпаздарды құттықтады.
Жарысқа Өзбекстан Республикасы мен еліміздің бірқатар өңірінен 32 команда қатысты. Турнир нәтижесімен 4 жүлделі орын алған команда мен «Үздік қақпашы», «Үздік қорғаушы», «Шабуылшы», «Мерген ойыншы», «Үздік ойыншы», «Үздік төреші» номинация иелері марапатталды.
Айта кетейік, облыс бойынша 55 973 адам футболмен айналысса, оның ішінде футзалмен 5 650 адам шұғылданады. Жыл сайын жасөспірімдердің футболға деген қызығушылығы артып келеді. Сонымен қатар, әуесқойлар футбол лигасы бұқаралық спорт пен дене шынықтырудың дамуына үлесін қосуда.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!