Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

5°C

, Бейсенбі, 28 қараша, 10:51

Фракция мүшесі жеке қабылдау өткізді

28.02.2024

221

0

Бүгін «AMANAT» партиясы Жалағаш аудандық филиалының Қоғамдық қабылдау бөлмесінің бекітілген кестесіне сәйкес Жалағаш аудандық мәслихаттағы «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының мүшесі, аудандық мәслихат депутаты Сабит Жанашев Еркінболұлы жеке қабылдау өткізді.

Қабылдау барысында аудан тұрғындары жеке кәсіп ашу мақсатында мемлекеттік бағдарламалар мен жолаушылар көлігі мәселесі көтерілді.

Дәуімбай елдімекенінде жаңадан тұрғызылған үйлер саны арты. Бұл өз кезегінде ауданымыздың даму көрсеткіші. Осы ретте, аталған аумаққа кентаралық жолаушылар тасымалы (маршрут) қатынамайды. Осы мәселені шешу мақсатында тиісті шаралар қолданып, жұмыс жасауыңызды сұраймын – деді өтініш иесі.

Өтініш иелерінің мәселелеріне сәйкес фракция мүшесі, депутат Жанашев Сәбит түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, аудандық атқарушы мемлекеттік мекемелерге депутаттық сауал жолдап, орындалуы бойынша тиісті жұмыстар атқарылатынын жеткізді.

«AMANAT» партиясы Жалағаш аудандық филиалы

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: