Бүгін Италияның Бусто-Арсицио қаласында өтіп жатқан Олимпиада ойындарына іріктеу турнирі жалғасады. Қазақстан құрамасы сапында 7 боксшымыз шаршы алаңға шығады.
Ширек финалға шыққан 7 отандасымыз жекпе-жекке өткізеді. Жеңгендері Олимпиада жолдамасына ие болады. Ал жүлделі орындар үшін жекпе-жектер әйелдер арасында 57 және 60 кило салмақта ғана өтеді.
Күндізгі сессияда шаршы алаңға шығатын қазақ боксшылары:
17:30 – 92 кг. Айбек Оралбай – Джамар Талли (АҚШ);
19:30 – 75 кг. Валентина Хальзова – Синди Нгамба (Ұлыбритания).
Кешкі сессия:
23:00 – 50 кг. Алуа Балқыбекова – Карина Макси Клецер (Германия);
00:00 – 51 кг. Сәкен Бибосынов – Киаран Макдональд (Ұлыбритания);
00:30 – 57 кг. Махмуұд Сабырхан – Асрор Вохидов (Тәжікстан);
00:45 – 71 кг. Асланбек Шымбергенов – Сархан Алиев (Әзербайжан);
01:30 – 80 кг. Нұрбек Оралбай – Келин Кессиди (Ирландия).
Жекпе-жектердің барлығын QazSport арнасынан тікелей эфирде тамашалауға болады. Сондай-ақ ресми сайтында да көрсетіледі.
Бүгін ерлер арасында – 28, әйелдер арасында 21 жолдама сарапқа салынады.
Ақпарат дереккөзі: https://massaget.kz/sport/102906/
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!