Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

6°C

, Дүйсенбі, 25 қараша, 12:37

Су тасқынының алдын ала алмаған шенеуніктерге қатаң сөгіс жарияланды

31.03.2024

1189

0

Бүгін, 30 мамырда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстандағы су тасқынына байланысты шұғыл кеңес өткізді, деп жазады Egemen.kz.

Мемлекет басшысы Үкімет пен жергілікті атқарушы органдардың арасында жүйелі байланыс болмағанын айтты. 

Осы орайда Қасым-Жомарт Тоқаев су тасқынына қарсы уақытылы шара қабылдамағаны үшін Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Склярға, Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітовке қатаң сөгіс, Ақтөбе, Қостанай, Батыс Қазақстан облыстарының әкімдеріне қатаң сөгіс және қызметтік міндеттеріне толық сай келмеуіне байланысты ескерту берді.

Сондай-ақ Атырау, Ақмола, Алматы, Павлодар және Абай облыстарының  әкімдеріне қатаң сөгіс жарияланды.

Жиын барысында Мемлекет басшысы қалыптасқан жағдайға байланысты кешірім сұрап, зардап шеккен барлық азаматқа көмек көрсетілетінін айтты.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: