1 мамыр – бірлік пен ынтымақ күнінде жалағаштықтар Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес «Бірге Таза Қазақстан» экологиялық акциясы шеңберінде тал егу жұмыстарын жүргізді. Республикалық акцияға аудан тұрғындары, ардагерлер, этнос өкілдері, белсенді жастар, волонтерлер қатысып, қолдау білдірді.
– Тал егу акциясы басталғалы апта сайын қалмай мен де өз үлесімді қосыуға тырысамын. Жалағаштың жасыл желекке айналып, ауданымыздың көркеюі әрбір тұрғын үшін маңызды болуы қажет. Дана халқымыз «Адам – табиғаттың төл перзенті» демей ме, олар көктем келісімен-ақ ауласын тазалап, үйінің айналасына гүл, жасыл желектер егіп, су ағатын арықтың, каналдардың көзін ашқан. «Атаңнан мал қалғанша тал қалсын» дегендей, отбасымызбен бірге барынша «Таза Қазақстан» акциясына өзіміздің үлесімізді қосып жатырмыз, – дейді аудан тұрғыны Алишер Бақтыбаев.
Сондай-ақ аудан әкімі Ардақ Ибраимов акцияға қатысушыларға 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесіне облыс әкімі Нұрлыбек Машбекұлының құттықтауын жеткізді.
Айта кетейік, аудан бойынша өткізілген тал егу жұмыстары барысында жалпы саны 650 түп көшет егілді.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!